Дүйсенбі, Қаңтар 22

«Әдебиет» порталы кездесуге шақырады

Adebiet portali\r\n\r\nБүгін, яғни сәуір айының 4 жұлдызында, сағат кешкі 19.00 де «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ әдебиеті: аударма мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.\r\n\r\nАталған шараға астаналық ақын-жазушылар мен жас ғалымдар қатысады. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты қазақ, орыс тілдерінде жазып жүрген қазақ әдебиеті өкілдерінің арасында шығармашылық байланыс орнату һәм қазіргі заман әдебиетінің меселелерін айқындау. Дөңгелек үстелге Серікзат Дүйсенғазин, Асылзат Арыстанбек, Ербол Бейілхан, Ақберен Елгезек, Қанат Омар, Ануар Омар, Ерлан Жүніс, Шолпан Нуртазина, Олжас Сәндібек, Құралай Омар, Динара Мәлікова, Алия Демейсенова, Ықылас Ожайұлы, Ұларбек Дәлейұлы,Эльмира Туканаева қатысады.

Жауап жазу

Your email address will not be published.