Сенбі, Тамыз 19

Алты Алаш

Бала Мұстафадан кемеліне келген Кемал-Паша АТАТҮРІККЕ дейін

Алты Алаш
\r\nМұстафаның жастық шағы\r\n \r\n\r\n1881 жылы 12 наурызда Осман патшалығына қарасты Грекияның Селаник қаласында Мұстафа атты ұл бала дүниеге келді. Ол кезде түріктердің фамилиясы жазылмайтындықтан, оны тек «Мұстафа» деп атады. Бірақ уақыт өте келе оның аты-жөні көбейіп, атақ-даңқы артады. Бүкіл әлем оны «Мұстафа Кемал Паша Ататүрік» деп атайды. Оның әкесі Әли Рыза аса ауқатты адам болмапты. Халық жасағының офицері болып қызмет еткен. Тілмаш болған. Кейін орман саудасымен шұғылданған. Жұмысы табысты болмаса да, ол өзін «османлы» тобына жатқызатын. «Османлы» деген ұғымды түсіну үшін әуелгіде даңқы дүниені дүр сілкіндірген, артынан ар-ұят пен намыс отынан жарылып кетерліктей масқара құлдырауға түскен Осман патшалығы азаматтарының өмір тарихымен танысу керек. Осман жүйесіне сәйкес қызм