Жексенбі, Маусым 25

Әдебиет

АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК. АСҚАР ФЕНОМЕНІ

Әдебиет
\r\n\r\n\r\n\r\nӘдебиет сөз өнері, яки асыл сөз. Олай болуының бір парқы оның бойында адамның жан дүниесін баурап алатын сиқырында шығар бәлкім. Бұл өнер қазақ мәдениет ландшафтында өзігндік орны бар дүние. Әдебиет – қазақ тарихы, ұлт болмысы деген ұғымдармен етене боп келетін ұғым. Асқар дарыны, феномені осындай ірі ұғымдармен тығыз байланыста болып келеді. Асқар өзін ұлт тарихымен, ел болмысымен, халық өмірімен тығыз бірлікте қараған суреткер. Оның суреткерлігі де осындай ұстындардан тұрады. Жеке адам, тұлға, оны қоршап тұрған кеңістік, уақыт шарбағында орналасқан қоғам бар. Бұл екеуі бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын түсініктер. А.Сүлейменов те өз қоғамынан бөлініп кете алған жоқ. Кейбір қаламгер оны «саяқ жылқы», «диссидент», «эмигрант» деп есептесе де, ол ол өз қоғамының ішіндегі ішкі

ҰЛЫ АТАМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАУ, ӨСИЕТІН ҰМЫТПАУ – БІЗГЕ СЫН

Әдебиет
Қазақтың маңдайына біткен ақтангер ақыны, Алаштың ұлы күрескері – Таңжарық Жолдыұлы туғанына 111 жыл болды. Қазақтың жоғын жоқтап, тағдыр тауқыметін ұлтымен бірге тартқан тұлғасы, Алатаудың асқар шыңы еді. Біз кішкентай кезімізден Таңжарық жырларымен сусындап, Таңжарық рухымен нұрланып өстік. Таңжарық тілімен төгілген мөлдір жырдың құдіретін сездік. Мен өз басым Таңжарық жырына өлердей ғашық болдым. Бала жүрегіммен егіле оқыдым, азаматтық рухын сіңірдім. Өзімді Таңжарықтың ұлындай сезіндім. Таңжарық Жолдыұлы (15.3. 1903. ҚХР, Іле аймағы, Күнес ауд. - 6.8.1947, сонда) - ақын. Кейін Қытай мектебінде (1917), Қазақстанда Кеген, Нарынқол аудандарында жеті жылдық мектепте (1922 - 25) оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен кеңінен таныс болған. Өзі де өлең жазып, айтысқа катысқан. Т. Шы

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БІЗ

Әдебиет
\r\nӘлем әдебиетіндегі біз\r\n            Қаламгердің есімі аталса, ұлты ойыңа сап ете түсетіні бар. Болмаса керісінше ұлт туралы сөз болғанда, есімі ауызға ілігетін қаламгерлер болады. Осы екеуі бір-бірімен біте қайнасып кететін ұғымдар. Шекспир дегенде ағылшындардың, ағылшындар туралы ойлағанда Шекспирдің ойға оралатыны сияқты, қазақ дегенде Абайдың, Абай дегенде қазақтың еске түсері анық. Бірақ кімдер үшін? Өзіміз үшін ғана ма? Әлемге қазақ әдебиеті қалай танылып жатыр? Қалай танытып жатырмыз?\r\nБіздің төлқұжатымыз – Абай. Абайды өзіміздің бренд ету үшін ол егжей-тегжейлі зерттелуі керек. Зерттеу еңбектердің өзі шет тілдерде жарық көруі тиіс. Бірақ бізде сондай жұмыстар көп атқарыла қойған жоқ. Осы бір жерде қайыра бір сұрақ пайда болады. Қазақ әдебиетін әлем қалай танып жатырдан бұрын

Оңайгүл Тұржан. Доспамбет жыраудың соңғы сөзі

Әдебиет
\r\n«Озушылар, озмаңыз!»\r\n \r\n\r\nНебір сөздер болады!\r\n\r\nӨз өртіне өзі өртеніп кете жаздап тұратын да сөздер болады.\r\n\r\nДоспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.\r\n\r\nАқынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер –

ӘСЕЛ МҰЗДЫБАЙ. АУЫЛҒА БИЛЕТ

Әдебиет
\r\n\r\nТағы да таң атты. Ол бүгін де ауырып жатыр. Қозғалса  денесі ауырлап, басы дыңылдап қоя береді. Қанталап кеткен көздерін ашты, бөлменің жарығынан ба, әлде мынандай күйге түскенінен жасқанды ма, қайта жұмып алды. Қабырғаға қарап бүк түсіп жатып, көзі ілініп кетті. Ұйықтаса болды, осыдан екі жыл бұрын мас күйінде көлге ертіп барып жоғалтып келген қызын көреді түсінде. Үстінде сары-ала көйлек, аяғына шешесінің салпыншақ баулы тәпішкесін тобығына дейін шығара киіп алып, аулада ұсақ тас тізіп, былдырлап бірдеңелерді айтып отыр. Қызының жанына жақындай бергенде оянып кетті. Үнемі осылай. Кеудесіне өксік пен өкініш тығылып, алқымынан алып, тұншығып барады. Сәл қызып алса болды көл жағалап кететіні де содан.  Қызының жансыз денесін судан алып шыққан сәттер көз алдына  әбден жазылып қалған.

Нағыз Қапшықбайұлы. Ұйғыр әдебиетіндегі орны бөлек екі жыр

Әдебиет
\r\n\r\nТүркі халықтарының ішінде тарихи жағдайы әлі қиын күйде тұрған жұрттың бірі Ұйғыр халқы. Көне Жібек Жолының бойына ғажайып шаһарлар тұрғызып, сан ғасыр дербес өмір сүріп келген Шығыс Түркістан халқы 18-ғасырдың екінші жартысынан бастап қытайдың қол астына өтеді де, Орта Азияның саяси өмірінен біртіндеп оқшауланып, елдің бодандық тарихы басталады. Бірақ солай екен деп, ұйғырлар мүлдем күйреп, жоғалған жоқ. Өмір көшіне ілесіп, бұрынғыдай ата салт, ата кәсіптерімен айналыса берді. Қашқардың, Ақсудың, Жәркенттің базарларында сауда қалай қыж-қыж қайнап жатса, ән-күй, өлең-жырдың базары да одан кем бола қоймады. Бірақ, кеше өзінің қандай болғанын ұмытпаған халық алғашқыда жиі-жиі бас көтеріп, отаршыларға қарсы елеулі-елеулі күрестер жүргізіп тұрды. Халық бойындағы ерлік пен өрлік арада 2

Әлия Дәулетбаеваның жырлары

Әдебиет
\r\n\r\nӘлия Дәулетбаева –1978 жылы Атырау облысы Индер ауданында туған. Х.Досмұхамедов атындағы АМУ филология факультетін бітірген.\r\n\r\n«Сол бір сәуле» жыр жинағының авторы.\r\n***\r\nУақыт мені емдемейді,\r\n\r\nАлдамаңдар, достарым.\r\n\r\nАрмандарым ергежейлі,\r\n\r\nАп-аласа аспаным.\r\n\r\n \r\n\r\nАңсамаймын әлденені,\r\n\r\nЖанарға мұң жиып ап.\r\n\r\nАйна алдында сәнденемін,\r\n\r\nКөлгір көйлек киіп ап..\r\n\r\n \r\n\r\nТолқынның сап тереңіне,\r\n\r\nШаршатпаймын кемемді.\r\n\r\nАзап шегіп керегі не,\r\n\r\nАқылдымын мен енді!\r\n\r\n \r\n\r\nДос көбейді көлеңдеген,\r\n\r\nҚалай жалғыз боп келгем.\r\n\r\nБұрынғыдай елеңдемей,\r\n\r\nЕсендесем көктеммен.\r\n\r\n \r\n\r\nЖүрек қайда жанып тұрған,\r\n\r\nТірі түсіп тамұққа.\r\n\r\nЖындылық қой барып тұрған,\r\