Дүйсенбі, Қаңтар 22

Басты тақырып

ҚАЗАҚҚА, ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҚАУІП – СЫРТТАН ГӨРІ ІШТЕН КӨП ДЕР ЕДІМ…

Басты тақырып
\r\n«Ресей Қырымнан кейін Батыстан іргесін алыстату үшін Қазақстанды  қолға алады...» дейді  Telegraph газетіндегі Украинадағы тоқырауға байланысты  «After Crimea, Russia will try to woo Kazakhstan away from the West»  аттас мақаласында Крис Уотсон.\r\n\r\nМақала авторының бұл сөзінің толықтай жаны бар дер едім мен. Ресейдің Қазақстанды қарудың күшімен отарлауының түкке де қажеті жоқ, онсыз да Қазақстан солардың отары іспетті мүшкіл қалдегі бір ел. «Нағыз қазақстандық» (олар таза қазаққа жатпайды) онсыз да құл-құтандардан тұратын тексіз орысқұл билік - орекеңдер «жат» десе – жата кетуге әзір, «тұр» десе – тұра салуға дайын тұрған қуыршақ  билік екенін жұрттың бәрі жақсы біледі.\r\n\r\nАна «Еуразиялық одаққа» қабылданғаннан кейін түгелге жуық тәуелсіздігін тәрк еткелі отырған Қазақстаннан У

ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ УКРАИНА БИЛІГІНЕ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Басты тақырып
\r\n\r\n2014-жылы 23- ақпан күні, Қырым Автономиялы Республикасының астансаы  Ақмешіт(Симферополь) қаласында бүкіл қырымдық ереуіл өтті. 15 мыңнан астам қатысқан ереуілшілер  Қырым АР бөлшектеу ниетінде болған жоғары мәнсәптыларға қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп, Қырым Автономиялы Республикасының жоғарғы радасын тезарада таратуды, тезарада қайтадан сайлау өткізуді сұрады.\r\n\r\nЕреуілде Қырым татарларының өкілдері Украина жоғарғы радасына талаптарын жолдады. Талапта Украина жоғарғы радасынан  тарихи, жергілікті ұлт Қырым татарларының құқын қалпына келтіруді әрі Республиканың басқарушы билігі мен атқарушы билігінің басшылық орындарына Қырым татарларының өкілдерінің кіруін заң жүзінде кепілдендіруді талап етті.  Халықарлық стандартқа сай сайлау және сайлану құқын іске асырып, Қырым

СЕРІК МҰРАТХАН. ҚЫТАЙДЫҢ ҰЙҒЫРҒА ҚҰРҒАН ҮШ ҚАҚПАНЫ

Басты тақырып
\r\n\r\nСоңғы кезде Қазақстанда «Ұйғырстан», «ұйғыр мәселесі» деген сөздер көп айтылғанмен оған тереңдей үңіліп, сарабдал ой айтып жүрген ұйғыр да, қазақ та көрінбейді.\r\n\r\nҚазақтар: «Ұйғырлар біздің жерімізде Ұйғырстан құрмақшы» деп шуылдатса, ұйғырлар оларға дәлелді жауап айтып, өз ұлтына пайдалы дұрыс жол іздегеннің орнына жалған атақ, құр қиялға беріліп, «Ұйғырстан» деген атауға жабысып алды.\r\n\r\nБірақ дәл қазір «Ұйғырстан» атауы ұйғырлардың тәуелсіздік үшін күресіне қаншалықты кесірін тигізіп жатқанын ұйғыр жетекшілері ойларына да алар емес. Қайта олар ешқандай тарихи негізі жоқ атауға жармасу арқылы өздеріне өздері қақпан құрып отыр.\r\n\r\nБірінші қақпан: Ғұндар мен Түрік Қағанаты\r\n\r\nҚытай тарихшылары ұйғырдың не қазақтың тарихын жазып зерттегенде бауырлас екі ұлтты да бір

ҚҰЛДАР ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙДІ?

Басты тақырып
\r\n(Орысқұл туралы  сөз)\r\n«Орыс тілін білмеу – надандық»\r\n \r\n\r\nОсыдан он жыл бұрын болатын. Қазақстанға енді келген кезім.  Ағаларымыздың арқасында қонақтарға да барып тұрамыз. Бір күні ағамызбен силасып жүретін бір көкеміздің үйіне қонақ болуды сәті түсті. Көкеміз кеше ғана Қытайға барып келгенін айтып мақтанып отыр. Сөз арасында: «ой, тәубә, қытайлар орысша білмейді екен. Мұндай да ел болады екен. Тіл білмейді деп ойламаппын. Қиналғаным ай» -деп қояды. Ал мен ішімен күлдім де қойдым. Сол сөзді бертінде ғана түсіндім. Сөйтсем, орыс пен орыстың тіліне құлданған байқұс «орыс тілін білмеуді – надандық, көрсоқырлық, ақымақтық» деп біледі екен.\r\n Қыз сияқты шал немесе Оралманды көргенде шығатын орысша\r\nБүгін жақсы силасатын Серік есімді ағамыз Алматыдан Астанаға келіпті. Кезд

ШЕҢГЕЛДІ ІСІ: ЕКІ ШЕШЕН ТҰРМЕГЕ ТОҒЫТЫЛДЫ

Басты тақырып
\r\n\r\nЖас саясаткер, қоғамдық қорғаушы Мұхтар Тайжан кеше, 25-ақпанда әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды хабарламасын таратты. Қазақтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген азамат 2013 жылы туылған «Шеңгелді» оқиғасы бойынша жәбірленуші тарапқа қоғамдық қорғаушы болған болатын. Мұхтар мырза өз парақшасында былай деп жазған: «Кеше сот үкімін жариялады. Негізсіз оқ атып, қазақ жігітті өлтірген шешен 19 жыл алды (макс 20 жыл), қатал режим, конфискация. Қасында болған шешен 6 жыл алды, жалпы режим (макс 8 жыл). Шешендердің ағалары соттың залында ресми отырысында қаза тапқан Мадьярдың апасының алдында кешірім сұрады. Одан басқа жазықтылар жәбірленген жағына 11 млн тг төлейтін болды.\r\nМарқұмды тірілетіп алмаймыз. Жатқан жері жайлы болсын, аруағы иманды болғай. Бірақ соттың әділеттік ше

Ресейдің әрекеті — озбырлық!

Басты тақырып
\r\n\r\nРесей президенті В.Путиннің өткен апта соңында Ресей Федерациясы Кеңесінің халықаралық істер және қорғаныс комитетіне жолдауы «қолдау» тауып, соған сәйкес, Украина территориясына, оның ішінде Қырым жеріне қарулы күштерін кіргізді (ресми түрде айтқанда, жағдай тұрақтанғанға дейін). Осылайша халықаралық қауымдастық егемендігін әлдеқашан мойындап қойған елге баса-көктеп кірді…\r\n\r\nСоғыс соңғы \r\nтаңдау болмасын…\r\n\r\nУкраинаның уақытша президенті Александр Турчинов Украина толық әскери дайын жағдайда тұрғандығын мәлімдеді…\r\nШекпеніне жасырған отаршыл ойы көрініп қалған В.Путин ақыры Украинаның тұтастығын һәм халықаралық қауымдастық мойындаған Егемен ел мәртебесін бұзды. 6000-дық шағын (10 000 деген де ақпарат бар) әскерін Қырымға енгізді. Әскер санын бұдан да көбейтпек. Ресей