Дүйсенбі, Қаңтар 22

Заман және қоғам

Жебе НОЯН. ҚАСҚЫРДЫ ҚОР ҚЫЛЫП КӨРСЕТУ, ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХИ ТАНЫМЫНА ТҮКІРГЕНМЕН БІРДЕЙ

Заман және қоғам
\r\nЖақында «Іскерлер радиосындағы» кешкілік «Дерек пен дәйек» атты бағдарламаның тақырыбы «Ну, погоди!» мултфильмі болып жатыр екен. Бағдарламаға қоңырау шалған адамға аталған мултфильм туралы сұрақ қойылады. Оның қашан шыққаны, қанша сериал екені, кейін оны көрсетуге не үшін шектеу қойғаны бүге-шігесіне дейін қызу талқыланды. Хабарласқан адамдар бағдарламаға белсене кірісіп, өздерінің осы мултфильмді көріп өскендіктерін мақтаншыпен айтып қалуға тырысты. Тіпті, оған кімдердің дауыс бергенін, кейінірек мултьфильімді жасау біраз үзіліске ұшырағанына дейін шып-шырғасын шығармай баяндағандар болды. Әрине, оған ешкімнің дауы жоқ, бала телеарна ұсынған өнімді көрді,сол заман тудырған дүниені тамашалады.\r\n\r\nБірақ, жеке өз басым осы мултфильмді көрсеткен сайын қиналысты күй кешемін. Себебі, 2

Қытай мансаптыларындағы сегіз түрлі бас ауру

Заман және қоғам
  Жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттің қазынасын шашуға қарсы күрестің Ши Жинпиң соқтырған дауылы қытай мансаптыларын есеңгіретіп тастады. Ши мырза таққа шыққаннан кейінгі «төртті тазалау», «жемқорлыққа қарсы тұру», «сегіз түрлі белгілеме», «он бес түрлі шектеу бұйрығы»... қатарлы пәле-қалалардың арт-артынан келуі –  түйені түгімен, биені бүгімен жұтып алған ашкөз мансаптылардың кезек-кезегімен омақасып, мансаптылардың « оралының барында ойнап-күлетін жақсы күніне» нүкте қойылатындығын, сүттен ақ, судан таза, ең әділ, ең дұрыс партиямен, халықпен «өлсе бір шұңқырда, тірі болса бір төбеде болатын» дәуірдің жетіп келгенін ойламаған еді. Бұндай жағыдайда, қараша халық мәз болды, мансаптылар ағыл-тегіл жылады.  Әуелі бір бөлім мансаптылар ойламаған жерден қиналып, бұдан кейін қандай мансапт

Қытай қоғамының алты үлкен жоғалтуы

Заман және қоғам
\r\n1.Cенімнің  (нанымның)  жоғалуы.\r\n\r\nКөне қытайда екі түрлі сенім жүйесі болған еді. Біріншісі, басшы мен қызметші, үлкен мен кіші арасындағы өзара сүйіспеншілік, түсіністік негізінде қалыптасқан бағыныштылық жүйесі. Екіншісі, қарапайым халықтың тәңірге табыну, ырымшылдық жүйесі.\r\n\r\nАл қазіргі қытай қоғамында ешқандай сенім қалмады. Көз алдында көрінген нәрседен өмірдің мәнін іздеді, ақша мен мансапқа Құдайындай табынды. Тірліктің мәні мен не үшін өмір сүретіндіктері туралы бас қатырмайтын болды.\r\n\r\nХалық арасындағы моральдық тепе-теңдік бұзылған. Иба мен иман, қорқыныш сезімінің орнын ит тірліктің күйбеңі мен ақша қатынасы басқан. Келелі кеңес айтып, жүйелі сөзге, тағылымды іске тоқтайтын заман алыс қалған.\r\n\r\nСоңғы жылдары белең алған Құдайсыздық, жауапкерсіздік, идеол