Сенбі, Тамыз 19

Руханият

Манаш ҚОЗЫБАЕВ

Руханият
 Манаш ҚОЗЫБАЕВ (1931 – 2002 ж.ж.) – ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒА-ның академигі. Қостанай облысы Меңдіғара ауданы Тазкөл ауылында дүниеге келген.  1953 жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-ді тәмамдаған ол 1953 жылдан 1979 жылға дейін ғалым еліміздің әр түрлі оқу орындарында ғылыми-педагогикалық еңбектер атқарып, біліктілігін арттырған. 1979-86 ж.ж. Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы болып Манаш Қабашұлы келген тұста энциклопедияға әлі сол тұста ақталмаған алаш арыстары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Мұстафа Шоқай, т.б. қазақтың ардагер азаматтарының өмірбаянын енгізу туралы мәселе қойды. Әрине, ұсыныс қабылданған жоқ, бірақ бұл алаш тақырыбын алғаш ғылыми ортада ауызға алудың басы еді. 1986 – 88 ж

Кеңес Нұрпейісов

Руханият
Кеңес Нұрпейісов – ең алғаш алаштану негізін қалаған тарихшы, академик, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтардың зерттелуіне ұйытқы болған ұлтымыздың ірі тұлғасы. 1937 жылы Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Саты ауылында дүниеге келген ғалым 1957 жылы қазіргі ҚазҰУ-нің тарих факультетін тәмамдаған соң еңбек жолын бірден Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан бастады. Жай ғылыми қызметкерліктен ҰҒА-ның академигіне айналғанға дейін Кеңес Нұрпейісұлы 460-тан астам ғылыми еңбек, 20-дан астам монография мен мектеп оқулықтарын жазған. Бес томдық Қазақстан тарихының екі басылымында Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылыс пен Қазақстанның ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси өмірінің өзекті мәселелері, Алаш қозғалысы мен 20 ғасырда Қазақстанда оры