Сенбі, Маусым 24

Алты Алаш

Шығыс Түркістан күресі және Оспан батыр

Шығыс Түркістан күресі және Оспан батыр

Алты Алаш
Шығыс Түркістан деп аталатын Жоңғария даласы мен Алтайдың арасында жатқан ұланғайыр дала – Қазақ халқының тарихи ата қонысы. Сол ұлы далада тіршілік кешкен біздің ата-бабаларымыз ешқашан тәуелсіз ел болуға деген талпынысын тоқтатқан емес. Оңтүстік Шығыс Түрксітандағы көтерілістерде есепке алмағанда Алтай мен Тянь-Шаньның арасын мекен еткен Қазақтың іргелі ру-тайпалары Керей-Найман елі соңғы бір ғасырда Қытай отаршылдарына қарсы талай рет ұлт азаттық көтерілісін жасады. Солардың ішінде бірі де бірегейі 1940 жылы Алтайдың Көктоғай ауданында бұрық еткен Есімхан – Ырсхан – Ақтеке үштігі бастаған ру ақсақалдарының Қытай үстемдігіне қарсы бітіспес күресі болатын. Бұл көтеріліске басында жай азамат ретінде атсалысқан Оспан батыр соғыс өртінде шынығып, шыңдала келе аты аңызға айналған батырға айна
Сырымбек Төлеуұлы   XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы

Сырымбек Төлеуұлы   XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы

Алты Алаш
«Алаш» ұғымы-қазақ халқының байырғы сөзі. Мағынасы – елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше ұғымдарды жинақтайды. Қазақ ішінде «алаш алаш», «алты сан алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылады. Сондай-ақ, «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-Алаш» деген нақыл ұстаным да бар.Бұдан шығатын қорытынды, алаш-қазақ ұлтының өте бір аяулы сөзі. Мұны қазақ этнонимінің синонимі десек те болады. Жалпы тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбірдегі «ал»-от, қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі. Мысалы, Алтай, алау,алқызыл, албырт, аластау, албар, аламан, алөкпе, алаң алқап тағы басқа сөздердің арғы түбі «от» ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін, зор деген мағынадағы ) барып тіреледі. Отандық зерттеушілер ішінде Шоқан Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын
Төлен Тілеубай: Бұл қандай жинақ?

Төлен Тілеубай: Бұл қандай жинақ?

Алты Алаш
«Тәуелсіздік – тұмарым» - бұл қандай жинақ??? Қазақ қоғамында айтылған өткір пікір, тұшымды ой, парасатты сын, жанашыр тілекті таспаға бастырып, тарихтың парағында қалдыру. Тәу етер тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толды. Алаш аңсаған азаттықты, Тәңір сыйлаған тәуелсіздікті тұғырына қондыруға, өз дәрежесінде ұлықтауға қазақ баспасөзінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Жиырма бес жылда қазақ баспасөзі қара халықтың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Ар-намысына араша түсті. Ұлтқа, ұлттық мүддеге «тас лақтырғандарға» сөзбен «соғыс ашты». Ел қуанғанда шаттанды, ел мұңайғанда жұбатты. Бі сөзбен айтқанда, тәуелсіздік таңы атқаннан бері елдік, мемлекеттік мүдделерге жан-тәнімен қызмет етті. Асыра айтқаным емес, қолыма қалам-қаруымды ұстап, ұлттық мұрат пен мүддеге өз қал-қадерімше қолғабыс қылдым. Қоғ
Абай мен Әлихан кездесті ме?

Абай мен Әлихан кездесті ме?

Алты Алаш
Былтыр Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның жүз елу жылдығын ЮНЕСКО көлемінде тойладық. Кір жуып, кіндік қаны тамған Ақтоғай топырағында дүркіреп той өтті. Сол тойда өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан атты ағамыз тамаша дерек келтірді: «Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы Меркі мен Шудың арасындағы Қоскөл деген жерде Алаш арысы Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туған. Қорғаштың Қоскөлі деп аталатын бұл жер – Керей мен Жәнібектің алғаш Қазақ хандығын құрып, тарих таңбасына айналдырған әйгілі Қозыбасымен жапсарлас орналасқан. Сөйтіп, хандар әулетінің тағы бір ұрпағының кіндік қаны қазақ хандығының туын тіккен киелі топыраққа тамған деуге негіз бар», дейді. Сол Нұрмұхамедтен туған атаулы хан нәсілі Әлихан осыдан тура жүз жыл бұрын, 1917 жылы Алашорда үкіметінің төрағасы болып сайланады. Яғни, биыл А
“Алты Алаш” атауының шығу тарихы

“Алты Алаш” атауының шығу тарихы

Алты Алаш
Алты Алаштың нұсқаушысы Ілесбек Байжанов Біздің Ұлы Бабаларымыз мекендеген Ұлы Даладан Жұмыр Жер Жаһанға тек қана Шындық пен Әділеттілік, Мейірім мен Шапағаттың нұры ғана тарауға тиіс болатын. Міне бүгін Тәуелсіздік алып өшкенімізді жаңғыртып, жоғалғанымызды түгендеп, адасқанымызды тура жолға салатын күннің туылғанына да 19 жылға толып келеді. Киелі Ұлы Даланың төсін еміп, киелі Қазығұрттан тараған Текті халық қазақтар соңғы 21 дәуірде небір аласапыран замандарды бастарынан өткізді. Әлімсақтан арбасып келе жатқан жауларымыз қаншама рет адам айтқысыз сұрқия сұмдықтарға барып, халқымызды Жер бетінен жойып жіберуге тырысып бақты. Оның басты себебі біздің Ұлы Бабаларымыз мекендеген Ұлы Даладан Жұмыр Жер Жаһанға тек қана Шындық пен Әділеттілік, Мейірім мен Шапағаттың нұры ғана тарауға тиіс
Алаш және Иманғали Тасмағамбетов

Алаш және Иманғали Тасмағамбетов

Алты Алаш
2017 жылғы 27 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне арнайы барып, тарих және мәдениет ескерткіші саналатын музей үйінің жылдар бойы қордаланған мәселелерінің шешілуіне себепші болғаны туралы хабарларды оқып, Имекеңнің осыдан 16 жыл бұрын Париждегі Мұстафа Шоқайдың мұрасына да қамқор болғаны есіме түсті. Тасмағамбетовтің тарихқа, тарихи тұлғаларға деген осынау құрметін әрқашан байқап алғысымды айтып отырамын. Таяу қазақ тарихынан ең манызды тұлғаларының бірі саналған Мұстафа Шоқай туралы біз 1997-2002 жылдары арасында докторлық диссертациямыз үшін зерттеулер жасап, аракідік Франция астанасы Париж қаласына барып келіп жүрдік. Сол кезде ұлы тұлғаның Париждің Ножан ауданында
Түзуміз деген құр аты болмаса…

Түзуміз деген құр аты болмаса…

Алты Алаш
  Әлихан Бөкейханов (Қыр баласы) 1914 жылғы "Қазақ" газетінің №71 санындағы "Тағы соғыс" деген мақаласында "Газета алдыңғы көсем жүрген оқушылар үшін шықпақшы, бұлар саясат ісіне хабарлы болмақшы. Солай болған соң, Европа саясат ісіне "Қазақта" орын бермей болмайды. Біздің қазақ құлағы Европа саясат ісіне тесік болмаса, біздің үйдегі іске сараңдық қылмақшы," деп бір түйіндейді. Сондай-ақ мақаласын нақты дәйектермен аша келе: "...Биыл Америка Мексикаға тағы осыны қылды, сен нашарсың, сенің жұртың өз ішінде бүліншілік деп"- бір тоқтайды. Уақыт зымырап алға озса да, тарих қайталана бере ме дейсің? Кеше ғана АҚШ-тың 44 президенті болып сайланған Трамп өзінің сайлауалды уәдесіне орай заңсыз мигранттарға тосқауыл қою үшін Мексикамен шекараға қабырға орнататынын және оның шығынын М
Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы

Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы

Алты Алаш
Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы «Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілі деген не? Қазақ тілінің ар жағындағы жатқан мәселе – жер. Біз мына жерді қазақ болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз» - дейді Алашорда өкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлының негізгі бес ұстанымын әрбір қазақ баласы білмек парыз. Оның өзі жеке басына қатысты емес, ел мен жерге қатысты ұстанымі. Оны жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбай былай деп баяндайды. -  «Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды. Ең бірінші – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен «жер, жер және жер» болуы керек. Жерсіз Отан жоқ. Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменші