Дүйсенбі, Қаңтар 22

Заман және қоғам

Қ. Қожамжаров: Халық әртісі айыпталушы болады деп кім ойлаған?!

Қ. Қожамжаров: Халық әртісі айыпталушы болады деп кім ойлаған?!

Заман және қоғам
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров алқа отырысында Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты былай деді: «Кейде қоғам не болғанын түсінбей қалады. Себебі қылмыстық қудалауға көбіне танымал түседі. Олар түрлі салаларда жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, Жаманқұлов. Халық әртісі, еліміздің сүйікті азаматы айыпталушы болады деп кім ойлаған?! Біз дәлелдерді көрсетуіміз керек». Қ.Қожамжаров «CentralAsiaMonitor» газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты да ойын айтты. «Ғабдуллинге қатысты қылмыстық іс енді басталғанда журналистер менен дәлелдерді көрсетуімді сұраған. Сот ашық өтті, ол кінәсін мойындады. Барлық дәлелдер мен тергеу жұмыстарының нәтижесі қоғам алдында
Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық…

Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық…

Заман және қоғам
Қасиетті Құранда: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» (Зарият сүресі 49-аят), — деген аят бар. Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқандығын ескерсек, жасы жеткен әр адамның өз сыңарын тауып, некелескені абзал іс саналады. Құран кәрім некелесуді әмір етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп екендіктеріңмен мақтанамын» және «Неке қию — менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» делінеді. Шариғатта үйлену мен неке қиюдың бірнеше шарты қаралған. Неке қияр кезде, үйленгеннен кейін де еркек пен әйелдің хақысы турасында толық мағлұмат бар. … Алайда соңғы кездері қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып, жас қыздарды алдап, өз нәпсісінің қалауын орындау үшін білгенін істеп жүрген жігіттер көбейіп кетті. Дін өкілде
Астанада «Turkvision» байқауы өтеді

Астанада «Turkvision» байқауы өтеді

Заман және қоғам
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада алғаш рет «Turkvision» байқауы ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. «ЭКСПО» көрмесі аясында «Turkvision» байқауын өткіземіз. Бұл – замануи-эстра әндерінің конкурсы. Байқау – түркі тілдес халықты біріктіретін шара. Көрме аясында Астанада алғаш рет осы байқау өтеді. Қазіргі таңда шара ұйымдастырушылармен келісілді. Барлығы кесте бойынша өтеді. Оған құрметті қонақтар шақырылады», - деді департамент директоры. Оның айтуынша, іс-шараға байқауды өткен жылы жеңген әнші қатысады.- Қазір осы байқауға Түркия мен Орталық Азия елдерінде әншілер іріктеліп жатыр, - деді Алмаз Нұразхан. Естеріңізге кетейік, 2014
Марат МАДАЛИМОВ. Қазақ мафиясы: Ақиқат па, әлде аңыз…

Марат МАДАЛИМОВ. Қазақ мафиясы: Ақиқат па, әлде аңыз…

Заман және қоғам
Мафия. Мафия. Мафия. Осынау сөзде естіген адамды елең еткізетін ерекше құдірет бар. Естіген адам жай ғана елең ете қалмайды — ол қараптан-қарап отырып, неге екені белгісіз, қорқынышқа бой алдырады — жасырын емес. Өйткені «мафия» дегеннің не екенін білмесе де, оның әйтеуір жақсы нәрсе емес екенін еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін жақсы біледі. Алпауыт Американың Дондары мен банды жайлаған Ресейдің — Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД — тәуелсіз мафиялар достастығы) «Вор в законе» дегендері кімдер? Америка мафиясы соңғы қырық жылдан бері ресми құжаттарда «Коза Ностра» деген атпен рәсімделіп келеді. Қытай мафиясы «Триада», Жапон мафиясы «Якудза» деген атпен арнайы қызмет (спецслужба) орындарының құжаттарына тіркелген. Атақты американдық мафиози Дон Корлеоненің отаны – Сицилияда
Сәжде үстіндегі тау

Сәжде үстіндегі тау

Заман және қоғам
Интернет қолданушылардың бірі Судан мемлекетінің шығыс аймағында орналасқан сәждедегі адам бейнесіне ұқсайтын кішігірім таудың суретін жариялады. Фотографтың таң қалдырғаны – «сәждедегі» таудың Қағбаға, яки мұсылмандардың құбыласына дәл бағытта орналасуы. Желі қолданушысының айтуынша, ерекше тау Судан мемлекетінің әл-Бахр әл-Ахмар (Қызыл теңіз) провинциясы  Хайя қаласына жақын маңдағы Әбу Самр теміржол стансасының шығысынан 8 шақырым жерде орналасқан. Алты алаш - ақпарат
Ел болашағы…

Ел болашағы…

Заман және қоғам
Ел болашағы - жастардың қолында.  «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- деп дана халқымыз бекер айтпаған.  Кез-келген  халық өз келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бірақ, сол өскелең ұрпақ қандай болуы керек? Оларды қандай орта, кім тәрбиелеп жатыр? Оларды келешекпен байланыстыруға болады ма? Сұрақ көп. Жауап ше? Кеше үйге қоғамдық көлікпен келе жатып мынадай көрініске куәгер болдым. Көлік толы адам, қапырық. Бір аялдамадан қолында жүгі бар әже мінді. Орын жоқ екендігін көріп, жақын жерде отырған жас қыздан орын сұрады. Қалыпты жағдай. Сол сәтте ол қызды "Орын бермеймін! Я тоже устала! Мен үшін қартайдың ба? Басқа біреуден сұра ",- деп әжеге зекіп тастады. Ешкім күтпеген жағдай! Бәріміз біртүрлі болып, таңырқап қалдық!.. Барлық жолаушылар жас қызға жиіркене, жек көре қарап тұр
ЕРТЕҢНЕН ҚОРҚАМ!

ЕРТЕҢНЕН ҚОРҚАМ!

Заман және қоғам
Белгілі бір халықты ұлт ретінде жойып жіберудің ең тиімді тәсілі, ол - сол ұлтты рухани болмысынан біртіндеп айыру болып табылады. Өзінің рухани бет-бейнесінен, ұлттық санасынан айырылған  жұрт- кім көрінгеннің жемі. Ұлттың рухани болмысының үш таянышы- тілі, әдебиет, тарихы. Ұлтты рухани дағдарысқа ұшырату - геноцидтің ең қауіпті түрі. Мұндай қатерлі үрдіс сырттан емес өз ішіңде жасалып жатса     зар-мұңыңды кімге барып шағасың?! Мұны айтып отырған себеміз, 2017 жылдан бастап ЖОО да оқытылып келген дәстүрге сай "әдебиеттанушы" мамандығы деген квалификацияны құрдымға кетірді. Министрдің жаңа бұйырығымен. Ендігі жерде "филолог немесе қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы һәм мұғалімі" деген квалификация жоқ. Сіздің дипломыңызға "лингвист" дегенді жазып береді екені. Мұны әлемдік  үлгі деп от
Ұлы көш – 2016

Ұлы көш – 2016

Заман және қоғам
2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.           «Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5 пайызы — Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9 пайызы — Қытайдан, 3,2 пайызы — Түрікменстаннан, 2,7 пайызы — Моңғолиядан, 3,7 пайызы — өзге елдерден оралған қандастарымыз», — делінген министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ, қандастардың басым бөлігі, яғни 33,9 пайызы — Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4 пайызы — Алматы облысына, 10,6 пайызы — Маңғыстау облысына, 5,8 пайызы — Жамбыл облысына, 24,3 пайызы — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанғаны айтылып отыр. Елге оралған қандастарымыздың 65,4 пайызы — еңбекке