Дүйсенбі, Қаңтар 22

Жаңалықтар

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларына қосу көтерілді

Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларына қосу көтерілді

Жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімдігінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне «Қорқыт ата мұрасы» көпұлттық номинациясын дайындау бойынша сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасап. Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әсел Өтегенова, Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитетінің төрайымы Ханзада Есенова, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдеріндегі Юнесконың ресми өкілдері мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты. Кездесу барысында номинацияны дайындау жұмысының іс-әрекет жоспары бекітіліп, ағымдағы жылдың наурыз айына дей
Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

Жаңалықтар
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаулы жобасы Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдарға 377,3 млрд теңге сомасында мақсатты трансферттер сомасын бөлуден; 250,1 млрд теңге сомасындағы 2017 жылға арналған басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; кейінге қалдыру шарттарымен 113,1 млрд теңге сомасында басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; жалпы сомасы 438,6 млрд теңгені құрайтын, 147 позиция көлеміндегі 2017 жылға арналған м
Ақ Үй Ресейден Қырымның Украинаға қайтарылуын күтетінін хабарлады

Ақ Үй Ресейден Қырымның Украинаға қайтарылуын күтетінін хабарлады

Жаңалықтар
Дональд Трамп Ресей билігінен  Қырымның қайтарылуын күтетінін «анық түсіндірді» деп, Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер брифинг барысында хабарлады. Сонымен қатар, Трамп  Ресейдің Украинаға басымшылығының азаюын күтетіні айтылды. «Президент Трамп ресей билігінен Ураинаға басымшылық көрсетпеуін және Қырымды қайтаруын күтетінін ашық түсіндірді», - деп, ол астын сызды. Сонымен бірге, Спайсер, ол «Ресеймен татуласуды толығамен құптайтынын және соны қалайтынын» қосып айтты. Одан басқа, Ақ үйдің баспасөз хатшысы,  Трамптің кеңесшісі Майкл Флиннуға деген сенімі «ақалмағанын» айтты. Спайсер: «Мәселе, ашығын айтқанда, сенімді ақтамауында», - деп атап көрсетті.  Оның айтуынша, Трамп кеңесшісі Флиннуге ресей дипломатымен Ресейге қарсы америкалық санкцияларды талқылауды тапсырмаған. Ақпара
Жаңа ЕЛ АРНА

Жаңа ЕЛ АРНА

Жаңалықтар
Елімізде биылғы жылдың наурыз айында жаңа «Ел арна» кинотелеарнасы іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Наурыз мейрамы қарсаңында «Ел арна» кинотелеарнасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды көрсететін болады», - деді министр. Айта кетейік, жаңа телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында болады. Дәурен ЕРБОЛАТ Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/elmzde-jana-telearna-ske-kosyiladyi-92675/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Н. Назарбаев: Бізге серпіліс керек

Н. Назарбаев: Бізге серпіліс керек

Жаңалықтар
Биылғы жыл былтырғыға қарағанда өте жақсы болады. Бұл туралы Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz. - Жаңа ғана министрлердiң, әкiмдердiң есебiн тыңдап отырғанда, мен iшiмнен "биылғы жыл былтырғыдан өте жақсы болады" деп ойлап отырдым. Бiрiншiден, базасы төмен, екiншiден, жағдай түзелiп келе жатыр. Мұнайдың да, металдың да, газдың да бағасы өсiп келедi. Бiз мұнай мен газдың төмен бағасына үйрендiк. Экономика осыған бейiмделдi деп айтуға болады. Бiр жағынан, осындай жағдай керек едi. Көп болғанда, адам барлығы бар ғой деп шалқайып жата берiп, қарамайды. Ал қазiр iзденiп, тауып, жасау керек, - дедi Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, ендi алда ауқымды жұмыстар күтiп тұр. - Жолдауда әрi қарай не iстеуiмiз керек екенiн айттым. 25 ж
Астана барынша мүмкіндіктер туғызуда

Астана барынша мүмкіндіктер туғызуда

Жаңалықтар
Астанада Сириядағы ахуалды реттеуге байланысты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. - Астанада сириялық жағдайды реттеу бойынша Ресейден, Ираннан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу ұйымдастырылуда. Мұнымен қоса, Иордания өкілдерінің де қатысуы күтілуде. Күн тәртібіне жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату туралы режімді сақтау, оқ атуды доғару уағдаластығын бекіту жөніндегі қаруланған сириялық оппозицияның ұсынысын талқылау, әскери іс-қимылдарды тоқтату режімін қолданудың нақты параметрлерін айқындау тақырыптарын талқылау енгізілген,-деді Жайнақов. Бұл тұрғыда ағымдағы жылдың 23-24 қаңтарында Астанадағы келіссөздерде қол жеткізіл
Бензин бағасы көтерілді

Бензин бағасы көтерілді

Жаңалықтар
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті. Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар бензин бағасы «Sinooil» жанармай құю стансаларында да қымбаттады. Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр. «Helios» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 138 теңге, АИ-95 отыны 150 теңге сомасында саудалануда. Бұдан бөлек, «Аурикада» АИ-92 маркасының құн

Әуедегі ең алыс арақашықтықтағы сапар

Жаңалықтар
Qatar Airways ұшағы әлемдегі ең алыс арақашықтыққа  коммерциялық сапар  жасады. Қатар әуе жолы компаниясының Boeing 777-200LR  Доха – Окленд рейсін орындады. Әуе кемесі 16 сағат 23 минут үздіксіз ұшып, 14 535 шақырымды бағындырған. Qatar Airways өзінің twitter парақшасында, ұшақтың Жаңа Зеландия әуежайына сәтті қонғанын ресим түрде растады. Келтірілген мағлұматқа қарағанда, ұшақ сапар барысында               10 сағаттық белдеуді кесіп өткен. Кеменің бортында 15 экипаж мүшесі, сонымен қатар  4 ұшқыш болған. Рейс барысында борт жолсеріктері жолаушыларға 1100 кесе шай мен кофе, 2000-ға жуық салқын сусындар және 1063 порция тамақ жеткізілген. Алты алаш «Ақпарат»