Жексенбі, Желтоқсан 17

Әдебиет

Тұран елінің патшасы Сары Оғлан Қараханның өсиеті

Тұран елінің патшасы Сары Оғлан Қараханның өсиеті

Әдебиет
"Қара қытай қаптаса, Ыслабан жиеннен жақын жоқ" "Жөгіт" - келсе, "Желік туды" дауын көтереді. Ай бетінде Айдаһардың сүйегі бар. "Ұлы жылы істеген жақсылығың - Ұлы күндерге саналады. Ұлы жылы туғандар, күрең жолға бармасын! Күлбадам атқа мінбесін! Жұлдыздан хабар келсе, ілімнен қадір кетеді". Диханшылық - судың, дəннің, жердің, нұрдың сырын білгенге қонады. Тəні сұлудың сəні тайса, ары бірге төгіледі. Ары - жаны сұлудың сəні тайса, иманы жабады. Керей көшпейді, көршісі жылап келмесе. Керей көшсе - дауыл тұрар. Қытай көршісінен қорықса - қорған салар. Сүйегім керей болған соң, етімді Тұранға турап бердім. Тұран керей болғанда, Жаһанды сұрар едім. Керейдің сырттаны ұлыса, бөрісі сегіз туғаны. Керейдің батыры атқа отырса - Қытайдың батпағы көбейер. "Құсілімде" қынадай болдық, "Т
Әлия Дәулетбаева. Киік өлген

Әлия Дәулетбаева. Киік өлген

Әдебиет
Жаназа күйін шертеді дала, Жайғанда шашын жел-құйын. Өзекті сосын өртеді нала, Шертеді дала шер күйін.   Арманы түскір адыра ма екен, Аспаны айғыз байтағым. Аңыра бөкен, маңыра бөкен, Шырқыңды қалай шайқадың?!   Аңыра, бөкен,адасқағым-ай , Ажалға қалай ұрындың. Дертіңді ұқпай адасқаным-ай, Алқынып неден жығылдың?..   Өзгеше неге суық бұл көктем, Оғынан кімнің құладың? Көзіңнің жасы сіңіп бір кеткен, Құн сұрап жатыр құба қыр.   Көктемім қайда құралай өрген, Бұл сорды неге жорыдым? Жанына сауға сұрамай өлген, Жанары нәркес момыным.   От тұяғыңды тасқа бастың ба, Ордамнан көшіп барасың. Жердің үстінде, аспан астында, Ақбөкендердің моласы.   Аңсайды дала баяғы бағын, Жетім
Мұратхан Шоқан          Ай туады аздан соң мұң ұрттаған…

Мұратхан Шоқан Ай туады аздан соң мұң ұрттаған…

Әдебиет
Саусағымды созамын бір балғынға Құлағына талып жеткен сан қырдың, Бақшалардан құс үні боп жаңғырдым. Саған алғыс о, махаббат, сен менің, Шөліркесем бар шөлімді қандырдың...   Ұйысқақ кеш, толтырып ап уысын, Маған берген сезім қалай суысын? Сонан бері кештер менің жақыным, Сонан бері түндер менің туысым!   Шың емеспін бір орнында безерген, Кештерім бар, кезбедейін кезер мен. Түндерім бар, жай қайтатын үйіме, Тағдырым бар, азды-көпті сөз ерген...   Беу, өмірге өкпе артатын мен емен! Менен бұрын талай ақын шенеген. Сөздеріне пысқырған жоқ олардың, Солай өмір, солай болған көнеден...   Саусағымды созамын бір балғынға... Сағынамын, құлы болам алдында. Мен қолымды созбас едім, Тәңірім, Гүл шоқтарын қадама
Алтай Бұқарбай      Туыс ең, неге бөтенсің?!

Алтай Бұқарбай Туыс ең, неге бөтенсің?!

Әдебиет
Ноғайша кіммен сырласам, Ноғайлы кешкен өмірді. Ноғайлы мұңын ойласам Көзімнен жасым төгілді!   Көк тіреген орданы, Бөлініп елі тоздырды. Береке кетіп қолдағы, Орысқа көрін қаздырды.   «Қайранда менің Ноғайым», Сағынсам келер ме екенсің?! Жолыңа күнде қараймын Туыс ең, неге бөтенсің?!   «Қайранда менің Ноғайым»: Қазтуған бабам жылаған. «Ел айырылғанда» Қазағың Қайғысын күй қып бұраған.   Туысың қазақ болғанда, Түбің де қазақ Ноғайым. Басыңа қайғы толғанда Мен қарап неге тұрайын!   Тілің мен ділің бізде бар, Шаңырағың Қазақта. Қазақ пен Ноғай Ордалар Біріксе барар жәннатқа!   Салт-дәстүрің де осында, Домбыраң бізде сайраған. Ноғайым болса қасымда Төрімді сайлап, ж
Ербол Бейілхан    Апам менің…

Ербол Бейілхан Апам менің…

Әдебиет
Сіздің де апаңыз дәл менің апамдай болғанын ішім сезіп тұр. Сізде, өз апаңызды дәл мендей сағынып, еске алып, дұға оқып жүргеніңізді білем! Сондықтан да сіздерге апам жайлы шағын эссемді жолдап отырмын. ...Апамның сұрау белгідей иіліп, қартайып қалған кезі. Қазір, іи салып, киіз басып, жүн түтіп, жіп есіп, кесте тігіп, ұршық иірмейді. Бұрынғы дәурені өткен. Иіретін жіпте, есетін арқан да, өріс толы мал да, өнім де жоқ. Қолдағы бар түліктің көбін ұры-қары, одан қалғанын көрші-қолаң жымқырып, ұрлап бітірген... Сауын екі сиыр, бес-алты қойдан басқа тігерге тұяқ қалмаған бір жүдеу шақ. Колхоз тарап жатыр. Тиген үлес жоқ. Ағам жұмыссыз. Біз оқудамыз. Елдегі нарық тек бізді емес, бүкіл елді есеңгіреткен. Жұт - жеті ағайынды. Қыс - аяз, боран, қар. Жаз - қуан, құрғақ ыстық. Мекемеде істейтінде
Ерғожа Тілепберді. Мұқағали мен Хан-Тәңірі…

Ерғожа Тілепберді. Мұқағали мен Хан-Тәңірі…

Әдебиет
 Кешір анам...   Кешір анам... Нұр еккен, шуақ құйған төсіме, анам. Бұлақтай мөлдіреген мұң-қайғысыз Еркелеген күндерді есіме алам.   Кешір анам... Көп қиындық көреді несіне адам, Жігерім жіпке айналып бара жатыр, От тиген ойды қалай өшіре алам.   Кешір анам... Жанымды осып жатыр кесір адам. Жүрегім өзің берген жұмсақ менің, Адамзатқа қайтіп мен өшіге алам.     Кешір анам... Жаныма жігер берген есіл анам. Маңдайым өзің сүйген тасқа тиді, Жалғанның жүрмін жібін есіп аман.   Кешір анам... Сіз барда көкке де өрлеп көсіле алам. Мінезім айнымайды нағашымнан, Мен қайтіп есерлердей есіре алам.   Кешір анам... Келеді әрең сүйреп көшін балаң, Қарлығаштың бергенмен адалдығын,
Рақымберді Жетібай. Қиянат

Рақымберді Жетібай. Қиянат

Әдебиет
Өзіміздікінің бәрі өзімізде.                                                                               Латын мәтелі. Күз. Құлқынсәрі. Жаратқанның жарлығымен жер бетіндегі тіршілік иелеріне: Ей, жер -  дүние,  қам-қарекет істеңдер. Мен сендерге жарығым мен жылуымды төгіп тұрайын – деп күліпсіреп көкжиектен күн көтерілді. Әрбір сәулесі тәніңмен жаныңа жылуымен қоса мейірім сыйлайтын сары ана неткен ғажап десеңізші! Қуаты мен шуағы қыбырлаған – жыбырырлағанның бәріне жетеді! Әуелі шығыстан сығалап төбе шашын көрсетіп, бақылап тұрады. Сосын найза бойы көтеріліп сізге біртабан жақындай тұседі. Бірер уақыттан соң салмақты күйге еніп қым-қуыт күйбелеңіңе ынты – шынтысымен белсене араласып кетеді. Бірлесіп бүгжең қағып жүргенде еңкейіп барып амандық тілеп, сіздің бітпеген жұмыстарыңызға ө