Дүйсенбі, Қаңтар 22

Тарих

Заңғар Кәрімхан. Атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановты түрмеде “Акула” қорғап қалған

Заңғар Кәрімхан. Атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановты түрмеде “Акула” қорғап қалған

Тарих
Атақты тарихшы Ермұхан Бекмаханов Кенесары бастаған көтерілісті зерттеп жазғаны үшін 25 жылға сотталады. 1952 жылдың 5 желтоқсанында үкім оқылады. Түрмедегі азапты күндерінің соңын Бодайбо лагерінде өткізеді.\r\nБұл – болған оқиға. Кезекте тұрып тамағына алып, отырып іше бастағанда түрі кавказдық біреу оған зекіп, орнынан тұрғызып жібереді. Ботқасы бар тегешін төңкеріп, тамақсыз қалдырады. Құжбан қара дүлей екен, әр жерде көзі жәудіреп отырған қазақтардың біреуі оған бата алмады. Тарихшының өзі болса, алыса кетуге шамасы жетпейтінін біліп, еріксіз тоқтайды. Қатты ширығып, тістенген қалпы асханадан сыртқа шығып кетеді.\r\nСодан күні бойы нәр сызбай аш жүреді. Жыра қазады, діңкесі құриды. Әбден титықтап баракқа жетіп, жуынып, кешкі асқа қарай бет алғанда алдынан бір орта бойлы, қапсағай дене
Хангелді Әбжанов: Кенесарының бас сүйегін іздестіруді қолға алдық

Хангелді Әбжанов: Кенесарының бас сүйегін іздестіруді қолға алдық

Тарих
Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай біраз тарихи жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ең іргелесі 20 сериялы деректі фильмнен бөлек, Кенесары ханның бас сүйегі іздестірілуде. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері Хангелді Махмұтұлы «Мемлекет күнін» енгізуді ұсынып отыр. Тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов Baq.kz ақпаратты порталының тілшісіне арнайы сұхбат берген еді. Бұл сұхбат биылғы жылы өтетін мерекелік іс-шараларға қатысты біраз сауалдарға жауап беріпті.\r\n\r\nТілші: Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтеміз деген жоспарымыз бар. Осы ретте Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жұмысын толығырақ таныстырып кетсеңіз?\r\n\r\nХангелді Махмұтұлы: Жұмыс жоспары бізде сан салалы. Оның бірі айтайық, 550 жылдыққа арналған конференция өткізу. Екіншісі осыған
Сырымбек Төлеу. Ел ұраны Ер Жәнібек

Сырымбек Төлеу. Ел ұраны Ер Жәнібек

Тарих
 \r\n\r\n«Ел-рыстың кілті, ер ырыстың қорғаны» деген нақылы еріксіз еске түседі. Елінің тыныштығы жолында жарты ғасыр бойы аттан түспей, ерлігіне дос түгілі дұшпан да сүйіндірген батырдың ұрыстағы көзсіз батырлығы, қайтпас қаhармандығы, ақыл-парасаты мен сардарлығының әлі күнге дейінгі аңыз болып айтылып келе жатқан Ер жәнібектің нақты айғағы. Алайда, Қазақ халқының хан кешті қайғылы тағдыры қол бастаған сардар, ел бастаған көсем, дауды шешкен шешен, жауды қуған батырлардың талайын тарихи аренаға көтерілді. Бірақ батырдың да батыры бар. Тәуке заманын айтпағанын өзінде 1723-ші жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» бастап жаудың бетіне, желдің өтінде болып, қабырғасы қайыспай, ел тағдырын арқалаған Қанжығалы Бөгенбай, Қара Керей Қабанбай, Шапырашты Науырызбайдардың қатарынан таныл
Серік Ерғали: 22 желтоқсан мен 25 желтоқсан қандай күн?

Серік Ерғали: 22 желтоқсан мен 25 желтоқсан қандай күн?

Тарих
 \r\n\r\nЕртең ең қысқа күндіз, ең ұзақ түн... Ежелгі түркітектілерше - Күннің жылына бір рет "өлер" күні. Ескі таным бойынша содан үш күн өткенде Күнсәби қайта туылады-мыс. Яки 25 желтоқсан - Күннің "воскресетін" (қайтадан кірестенетін, айқыштанатын - аша таңбаны еске алыңыз), яғни шуақтанатын күні. Былайша айтқанда Күнсәбидің (Көктің ұлы) туған күні! Рождество осы. Орыстың бұл сөзі ежелгі туылу үдерісін беріп тұр, туған күн деген ұғымды емес. Бұл күнді әлі поляктар "Қызыл жұмыртқа" мерекесі түрінде тойлайды. Неге? Ежелгі таным бойынша жұмыртқа - ұрықтың жандану нышаны, ал қызыл - сәбилік түсті белгілейді. Қазақтағы "қызыл шақа" ұғымына сәйкес. Шақа/шаға - бала деген ежелгі түркі сөзі.\r\nҚызығы сол, каталоликшілер осы күнді Иса пайғамбар туған күнмен бекер шендестірмеген.\r\nШамасы,
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ. Кесік бас һәм тірі тұлып хикаясы жайында

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ. Кесік бас һәм тірі тұлып хикаясы жайында

Тарих
Жазушы Mұxтap Мағауин «Кесiк бас – тiрi тұлып» дейтiн 100 беттiк шағын хикаят жазып, ол туындысы 2007 жылы жарық көрген. Хикаяттағы оқиға сорабы бiзге жақсы таныс. Ес бiлiп, етек жапқалы талай естiген дүние. Қара шалдар тiсiн қайрап-қайрап сөйлейтiн. Әңгiме қызып кеткенде оң тiзесiнiң астындағы қайың сапты ақ қамшыны суырып алып, ысылдататын. Соңында бұрқ еткiзiп, қара жердiң қыртысын бiр тартады. Iштегi шердi, бойдағы кектi осылай басатын. Бұл 1960 жылдардың аяғы. Бiздер таңқы танау, қара сирақ бала едiк... Хикаяттағы қайсыбiр әдеби-көркем суреттемелердi қырнап тастап, оқысаңыз, хаттап-шотталған тарихи деректерден әсте ауытқымайды екен. Жазылу формасы да тосын. Көркем әдебиеттiң өзегiне санасы сүңгiмейтiн бейғам адам түсiнбей де қалуы хақ.\r\n\r\nЕндеше, хикаяттың басты кейіпкері – Кесік
Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ,  Аттила туралы ақиқат әлі толық ашылған жоқ

Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, Аттила туралы ақиқат әлі толық ашылған жоқ

Тарих
1. Аттила – б.з.б. ІІІ-І ғасырларда Азияны дүр сілкіндіріп, ұлы Қытайды жеңген хұн-түркілердің ұрпағы. Ғұн державасы ыдырағанда халқы төртке бөлінді. Бір бөлігі сәнбилерге бағынып, қазіргі Моңғолия даласында қалды. Шығыс бөлімі қытайларға кірме болып кетті. Үшінші бір бөлімі Хазар (Каспий) теңізіне дейін шегініп, Арал мен ­Каспий аралығын мекендеп қалды. Төртінші тобы Алтайдан шығып, батысқа бет бұрады. Жолында көлденең тұрған жауларына дес бермей соғыса жүріп Еділ, Жайыққа келіп тұрақтайды. Аттила – осы топтан шыққан әйгілі тұлға. Еділге жетіп тұрақтаған бұл топ 200 жыл емін-еркін өмір сүрген. Аттила – 360 жылдары аландармен болған шайқастарда ерлігімен танылған Баламир ханның бесінші ұрпағы. Баламир ханның ұлы Жұлдыз хан, одан Қаратон хан, одан Мәншүк хан. Аттила 410 жылы дүниеге келген
Баян-Өлгийде Ер Жәнібекке көше аты берілді

Баян-Өлгийде Ер Жәнібекке көше аты берілді

Тарих
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Ер Жәнібек Бердаулетұлының 300 жылдық мерейтойы қарсаңында Баян-Өлгийдің орталығы Өлгий қаласындағы көшеге батырдың аты берілді. Болашақта Ер Жәнібек батырдың зәулім ескерткіші бой көтеретін жері белгіленіп арнайы ескерткіш тақта орнатылды.  Бұл туралы Baq.kz сайты хабарлады.\r\n\r\nБатыр туралы мағлұмат. Қазақ халқының тарихнамасы бойынша Бердәулетұлы Жәнібек 1714 жылы Сыр бойында туған.\r\nЕр Жәнібек – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян, т.б. баһадүрлермен үзеңгілес тұлға. Абылай ханның бас батырларының бірі ретінде халық жадында терең зерделенген, ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кейіптелген тарихи тұлға. Ер Жәнібектің өмірі мен ерлігі жайында ел аузында бірнеше толғау, дастандар мен аңыз-әфсаналар сақталған. Солардың ең көлемдіс
Серік Ерғали. Оралдағы 1991 жылғы қыркүйек оқиғасы туралы не білеміз?

Серік Ерғали. Оралдағы 1991 жылғы қыркүйек оқиғасы туралы не білеміз?

Тарих
 ЕЛ ІРГЕСІН БЕКІТКЕН КӨТЕРІЛІС\r\n\r\n\r\nТәуелсіздікке дейінгі үш бұлқыныс\r\nХХ ғасырдың соңында қазақ халқының ұлттық рухын әйгілеген үш оқиға болды:\r\n- Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;\r\n- Жаңаөзендегі 1989 жылғы шілде оқиғасы;\r\n- Оралдағы 1991 жылғы қыркүйек оқиғасы.\r\nӘлі күнге дейін тарихшыларымыз бұл оқиғалардың мән-жайына үңіліп тарихи таразыдан өткізуге керенаулығы жібермей отырғандығы өкінішті.\r\nБұл оқиғаларды қазақ халқының егемендікке ұмтылысының көрініс тапқан тізбектес үш бұлқынысы еді десек, қателеспеспіз. Бұлардың үшеуіне де тән жайт - қарапайым халықтың қатынасуы. Үшеуі де егемендікке қол жетер уақыт қарсаңында жалпы ұлттық сипатқа ие болған құбылыстар.\r\nАлайда, Алматы мен Жаңаөзен оқиғалары арнайы ұйымшылдықпен емес, ойда жоқта стихиялы түрде бұрқ ете қ