Жексенбі, Қараша 19

Руханият

“Оскар – 2017” өз иесін тапты

“Оскар – 2017” өз иесін тапты

Руханият
Лос-Анджелесте өтіп жатқан Америка кинематографиясының жыл сайынғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталып, лайықты жүлделерін қанжығалады. Жыл он екі айда бір табысталатын сыйлықтың жеңімпаздарын атап өтейік: Үздік фильм: «Лунный свет» Екінші пландағы үздік актер: Махершала Али, «Лунный свет» Екінші пландағы үздік актриса: Виола Дэйвис, «Ограды» Үздік анимациялы фильм: «Зверополис» Үздік шетелдік фильм: «Коммивояжер» (Иран) Үздік қысқаметражды анимациялы фильм: «Пайпер» Фильмдегі үздік мейкап және шаш үлгісі:   «Отряд самоубийц» Үздік қысқа деректі фильм: «Белые шлемы» Алты алаш - руханият
Ұлықпан хәкім жайлы аңыз

Ұлықпан хәкім жайлы аңыз

Руханият
Ұлықпан хәкім жас кезінде біреуге жалданыпты. Оның қожайыны ниеті бұзық қарау адам екен. Ойындағысын жүзеге асыру үшін басқаға озбырлық істеп, зұлымдық жасаудан тайынбапты. Бірақ аузынан тобасы, қолынан тәспісі түспейді. Үнемі «Е, Құдайым, маған мол байлық, бақ-береке нәсіп ете көр» деп дұға жасайды. Ұлықпан оның бұл әрекетінің барлығын біліп, көкейіне түйіп жүріпті. Бір күні қожайын Ұлықпанды бидай егуге жұмсады. Ол қапқа толтырып, бидай емес, арпа салып әкеледі. Егістікке барып, еге бастады. Қожайын Ұлықпанның ісін көріп:– Ей, ақымақ, мен саған арпа емес, бидай ек деп едім ғой. Қай құлағыңмен тыңдадың? – деп шүйлігеді. Ұлықпан сабырмен:– Арпа ексе, бидай шықпай ма екен? – деп сұрады. – Шықпайды, нақұрыс, – деп зіркілдеді ол. – Қожам, ендеше сіз неге ұдайы жамандық жасап, жақ
Нұрсұлтан Назарбаев: Томирис пен Шыңғыс хан қазақ екен дегенде, менің ішім ашиды

Нұрсұлтан Назарбаев: Томирис пен Шыңғыс хан қазақ екен дегенде, менің ішім ашиды

Руханият
Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысты, деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығымен құттықтап, оның заманауи Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін атап өтті. – Бүгінде Ғылым академиясы салалық және өңірлік бөлімшелері бар ірі зияткерлік орталыққа айналды. Бұл ретте ол Франция, АҚШ және басқа да елдердегі ғылым академиялары сияқты ғылым үшін жат нәрсемен – әкімшілендірумен айналыспайды. Ғылым саласын орталықтандырудың, онда қалыптасатын монополияның тиімсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы Академияның еңбегін ерекше атап өтіп, еліміздің ғылыми әлеуетін «Қазақстанның үш
И.В. Гете: Бір Аллаға деген сенім рухыңды биік етеді

И.В. Гете: Бір Аллаға деген сенім рухыңды биік етеді

Руханият
Қазақтар Абайды, ағылшындар Шекспирді, орыстар Пушкинді қалай айрықша құрметтесе, неміс мәдениеті үшін де Гетенің алатын орны орасан зор екені ақиқат. Немістің ұлы ақынының шығармашылығын зерделеп оқыған болсаңыз, оның Исламға ерекше бүйрегі бұрғанын байқайсыз.Әрине, мұсылман екенін ресми мәлімдеп, әлемге жар салмағанымен ұлы ақынның туындыларынан ізгілік пен гуманизмнің нұрлы сәулесі шашыраған Исламның рухани құндылықтарын қатты құрметтегені анық сезіледі. Расында да таяуда Гетенің сүйекті шығармалары, күнделіктері мен хаттарын оқып шыққаннан соң, оның өмірлік ұстанымының, дүниені танудағы көзқарасының, жалған тіршіліктің мәні туралы парасат-пайымының, пенде баласы мен Алланың арақатынасы туралы толғамының Ислам тұжырымдарымен сәйкес келетініне көзім жетіп, қайран қалдым. Айталық, «Ұйқ
Жұмағұл Қанат Әділханұлы. Наурыз мерекесі дінге қайшы емес

Жұмағұл Қанат Әділханұлы. Наурыз мерекесі дінге қайшы емес

Руханият
Теолог, дінтанушы Наурыз ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша 22 наурыз күн мен түннің теңесуі кезіне тең келеді. Парсы тілінен түркі тілдес халықтарға өткен наурыз «но=жаңа + роуз=күн» деген сөзден шығады. Мағынасы «жаңа күн». Наурыз мерекесін ирандықтар мұсылман болмай тұрып та тойлайтын болған. Оны байырғы түркілер де атап өткен. Ал кейінірек парсылар мен түркілер Ислам дінін қабылдаған соң біраз мұсылман ғалымдар наурыз мерекесін атап өтуге болатынын алға тартқан. Тарихшылар арасында наурыз мерекесін Мұса (а.с.) пайғамбар және Сүлеймен (а.с.) пайғамбармен байланыстырғандар да бар. Енді бір топ Ислам ғалымдары наурыз мерекесінің мәжусилерден (отқа табынушылар) бастау алғанына және ондағы отты айналу, оттың үстінен секіру сынды әрекеттер үшін оны тойл
Алланың мейірімі таяу буынға да төгіледі

Алланың мейірімі таяу буынға да төгіледі

Руханият
Ғаламның әдістемелік түсіндірмесі Х-ХІ ғасырлардағыдай мұсылмандарға көшеді,  ол кезде әлем мұсылмандардың танымымен сипатталып, Ислам әлеміндегі оқу орындары ғана  ғылымда жетекші орын алды. 10 жылдан кейін Үмбет тағы да үстемдік құртын болады. Әлем  Аристотель мен Платон көмегімен емес, Құрандық  Білімді жаңа шынайы түсіну негізінде сипатталатын болады. Бірақ ол үшін ислам интеллектуалдары түрлі  бағыттарда жұмыс істеуілері керек, салдары шұғыл нәтиже беретін болады. Бұл Пайғампарымыздың (оған Алланың рахымы болсын): «Егер сен Аллаға қарай бір қадам аттасаң, Ол саған он қадам жақындайды, ал егер сен Оған он қадам аттасаң, Ол саған мың қадамға жақындайды» деген қадисімен үйлеседі. Бұл дегеніміз, егер біз интеллектуалдық тұрғыдан бір қадам жасасақ, Жаратушы, Өзінің рахымымен, бізді ерен та
Кісілік: Шахановтың еңкілдеп жылап тұрғанын көрдім

Кісілік: Шахановтың еңкілдеп жылап тұрғанын көрдім

Руханият
Белгілі саясаттанушы, заңгер Сабыр Ахметжанұлы Қасымовтың берген сұхбатынан үзінді - Кезінде Желтоқсан көтерілісімен ақын ағамыз Мұхтар Шаханов білек сыбанып, бүкіл күш-қайратын жұмсап айналысты. Ол кісі басшылық еткен комиссия өз міндетін толық орындады ма? -  Мұхтар Шаханов –біздің халқымыздың белгілі жасушысы, қоғам қайраткері, патриоттарының бірі. Кез-келген ұлт мұндай перзентімен мақтана алар еді. Бірақ, ол қаншама құдіретті және жігерлі болса да, оның бір басына бәрін үйіп-төгуге болмайды. Кезінде Мұхаң басқалардың қолынан келмейтін, келген күнде батылы бармайтын, жүрегі дауаламайтын істерді атқарды. КСРО Жоғарғы Кеңесі съезінің мінберінен бүкіл әлемге барша қазақтардың жүрегіндегі жиналған үміт пен қасіретті лақ еткізіп ақтара салды. Оны екінші бір қайраткеріміз Олжас Сүлей
Алаш жылнамасы: 1915 жыл

Алаш жылнамасы: 1915 жыл

Руханият
1915 жыл – М. Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» кітабы жарық көрді. **** 1915 жыл  – Н. Күзембайұлының «Құран құралы» еңбегі жарияланды. **** 1915 жыл – М. Шоқай Ташкентте зиялылар мен білікті шәкірттердің басын қосқан «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды. **** 1915 жыл, 4 қаңтар – «Қазақ» газетінде С. Дөнентаевтың «Ұлтшылға» атты өлеңі жарияланды. **** 1915 жыл, 21 қыркүйек – даңқты ғалым, қазақ халқының досы, Григорий Потанин 80-ге толды. Мерейтойға А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов жыр арнады. Қазақ шәкірттері арнайы жинақ шығаруды жоспарлады. **** 1915 жыл, 8 желтоқсан – түркі халықтарының атынан Венаға келген ресми делегация Австрия министр-президенті Шрюргк пен Сыртқы істер министрінің орынбасары граф Форгачқа негізгі мәселелерінің қатарына «Қазаққа саяси-әкімшілік тәуелсіздік әпер