Дүйсенбі, Қаңтар 22

Тарих

Заңғар КӘРІМХАН. ҚАРА ДАҚ – ҚАСІРЕТ ТАҢБАСЫ

Тарих
ҚАРА ДАҚ – ҚАСІРЕТ ТАҢБАСЫ\r\n \r\n\r\nҚұтты мекенім, өзімнің еңбек жолым басталған «Фолиант» баспасына қайта ораларымды кім болжаған... «Ат айналып қазығын табар» демекші, қара шаңыраққа қайта бас сұғыппыз. Құдай өзі көпсінбесе, бұл мекенге берерімді білмейді екенмін де, аларым әлі де мол екені айдай анық.\r\n\r\nҚауырт жұмыс, қызу еңбек ортасы болған баспаның қапылып жатқан бір уағы. Түс әлетінде бөлмеге алпысты алқымдап қалған, ақсары жүзді, ұзын бойлы, басында оюлы жасыл тақиясы бар егде кісі кірді. Көркем әдебиет бөлімінің жетекшісі Қуат Құрмансейітпен азды-көпті сөйлескенінде білдік: біздің баспадан кітабын шығарту үшін өтінішпен келген екен. Өзін «Алтай өлкесі, Қосағаш қазағымын, есім-сойым Пионер Мұхтасыров» деп таныстырды әлгі ағамыз. Қолжазбасын тапсырып, кітап жайында сөйле