Жексенбі, Қараша 19

Tag: Абай

Абай    Жазғытұрым

Абай Жазғытұрым

Руханият
Жазғытұры Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.   Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.   Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...    
Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Заман және қоғам
Биылғы мешін жылына жылдағыдай ұрандатып емес, басымызды салбыратып кірген жайымыз бар. Төл теңгеміз 100 пайызға құнын жоғалтып, әлемнің ең әлсіз валютасына айналды. Google-дың дәстүрлі жыл қорытындысы бойынша, 2015 жылы қазақстандықтарды жиі толғандырған сұрақ та теңгенің бағамына қатысты болған екен. Құнсыздықтың арты қымбатшылыққа ұласып, дағдарыс тырнағын батыра бастады. Айырбас құнының бұнша құбылатынын білмеген халық дел-сал болып, айырбас пункттерін торуылдады. Ертеңгі күннің көзін бұлт басып тұрған шақта көпшілікке жол сілтеуші, кәсіби көзқарасқа қазіргі қоғам зәру-ақ. Сондай тынық ой, саралы пікір айтуға қарымды азаматтар саусақпен санарлық десек, солардың өздерінің ішіндегі саусақпен санарлықтардың бірі академик, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
И.В. Гете: Бір Аллаға деген сенім рухыңды биік етеді

И.В. Гете: Бір Аллаға деген сенім рухыңды биік етеді

Руханият
Қазақтар Абайды, ағылшындар Шекспирді, орыстар Пушкинді қалай айрықша құрметтесе, неміс мәдениеті үшін де Гетенің алатын орны орасан зор екені ақиқат. Немістің ұлы ақынының шығармашылығын зерделеп оқыған болсаңыз, оның Исламға ерекше бүйрегі бұрғанын байқайсыз.Әрине, мұсылман екенін ресми мәлімдеп, әлемге жар салмағанымен ұлы ақынның туындыларынан ізгілік пен гуманизмнің нұрлы сәулесі шашыраған Исламның рухани құндылықтарын қатты құрметтегені анық сезіледі. Расында да таяуда Гетенің сүйекті шығармалары, күнделіктері мен хаттарын оқып шыққаннан соң, оның өмірлік ұстанымының, дүниені танудағы көзқарасының, жалған тіршіліктің мәні туралы парасат-пайымының, пенде баласы мен Алланың арақатынасы туралы толғамының Ислам тұжырымдарымен сәйкес келетініне көзім жетіп, қайран қалдым. Айталық, «Ұйқ
Жұмабай Шаштайұлы. Абай – біздің әкеміз!

Жұмабай Шаштайұлы. Абай – біздің әкеміз!

Жаңалықтар
Он тоғызыншы ғасырда күпі киген дала жұртының қалың ортасынан шығып, арада тұтас бір дәуірді көктей өтіп, «арпалыс алақұйын заманалардың» дақ қазіргі жағдайында Абайдың кесімді сөзіне құлақ түріп, әруағынан именетін халді басымыздан өткеретініміз қалай? Алайда, бұл сипаттамалар жеткіліксіз, жалаң, көкейдің ұзындығына тілдің қысқалығы сәйкеспейтін қорлығынан айтар сөзінің ажарынан айрылатын әдеті. Қазақты бөліп-жармай, тұтас күйінде қараған Абай «ел бүлігі Тобықтыны» түйреп өтетін тұстары болмаса, бүкіл ой ағысын тәуелсіз елдің ойшылына ұқсап өрбітеді. Бұл – тілдің сол баяғы қысқалығы. Әйтпесе, Абай қазақ болмысына үңіліп, жасаған тоқтамы саһараға лағып, ауаға ұшпай, ата-баба айтқан өсиетпен үндесіп, қанатты сөзге айналып кеткен жоқ па! Содан бүгінгі біздер Абай сөз кестелерінің пішімін дай
Дарын Нұрсапаров. Венгрияда Абай ескерткіші орнатылмақ

Дарын Нұрсапаров. Венгрияда Абай ескерткіші орнатылмақ

Алты Алаш
Жуықта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қазақстандық делегациямен бірге жұмыс сапарымен Венгрияға баруды жоспарлап отыр. Осы сапар алдында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы Ференц Блауман мен оның сыртқы экономикалық байланыстар бойынша кеңесшісі Иштван Макралиді қабылдады.\r\nКездесу барысында Өскеменде болашақта салынуы мүмкін үй-құрылысы комбинатына инвестор тарту мәселелері, сонымен қатар, венгрлік компаниялар ұсынып отырған шығыны аз, шағын су электр станцияларының жобалары қаралды. Венгрлік консулдың айтуынша, ұсынылып отырған жобалар арқылы өңір тұрғындарын, ауыл шаруашылығы саласын, туристік кешендерді, тіпті, өндіріс нысандарын да арзан электр энергиясымен қамтуға болады.\r\nЕрмек Көшербаев өз сөзінде Венг
«Жылқы жылындағы жүздесу» атты кездесу кешіне шақырамыз!

«Жылқы жылындағы жүздесу» атты кездесу кешіне шақырамыз!

Хабар-ошар
Ертең Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының М.Жұмабаев атындағы сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің 60 жасқа толуына орай «Жылқы жылындағы жүздесу» атты шығармашылық кеші өтеді.\r\n\r\nАқынның шығармашылық кешіне Секен Тұрысбеков, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Лена Әбдіхалықова, Меруерт Түсіпбаева, Айтгүл, Қанат Құдайбергеновтер, Нұргүл Қабдоллаева сынды өнер жұлдыздары қатысады. Ақын 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, А.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. «Қазақстан пионері» газетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында редактор,