Сейсенбі, Тамыз 22

Tag: Абылай хан

Серік Мұратхан       Алашорда үкіметі және  Шығыс Түркістан қазақтары

Серік Мұратхан Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан қазақтары

Алты Алаш
Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту абырой, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл да болса тәңір берген тәуелсіздіктің  баға жетпес тартуы болса кере

Асқар Татанайұлы. Алтайға ел қондырған Ер Жәнібек (жалғасы)

Тарих
\r\nАбылай ханның Жәнібек батырды сынауы\r\n Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді.\r\n\r\nЖорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз аспаны сағымша құйылып, бір ашылып, бір түнеріп, нөсер бірде құйып, бірде толастайды. Қолын тоқтатып, шатырын тіккен Абылай Жәнібекті шақыртып алып:\r\n- Мына жігіттер сусоқты болып малшынып, жолсоқты болып шалдыққан көрінеді. Енді бүгесінен жатып шігесінен кетуге бейіл секілді, - дейді. «Хан шынымен-ақ қайрандап қалғаны ма?» деп ойлаған ақ еділ жанды, аңғал батыр:\r\n- Қан майданда өлсек шаһид дер еді, қарап жатып ө