Жексенбі, Қараша 19

Tag: Алаш

Серік Мұратхан       Алашорда үкіметі және  Шығыс Түркістан қазақтары

Серік Мұратхан Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан қазақтары

Алты Алаш
Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту абырой, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл да болса тәңір берген тәуелсіздіктің  баға жетпес тартуы болса кере
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Алты Алаш
Барша қазақ елін жыл айналып келіп жеткен Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаратылыспен үндесіп, қашан да тұтасып жататын адамзаттың асыл мерекесі халқымызға бақ-берекесін, шаттық мерекесін ала келсін. Алты ай қыстан аман шыққан бұқараның арманын еселеп, келер күнге күш-қуат жинауына дем берсін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын...
Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Тарих
Кеше, жақын Семейде, 21 октябрьде, бұрынғы жандарал мекемесі, «Бостандық үйіне» қарай топ-тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, куристер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар. «Сегіздегі бала сексендегі шал да қалмай» дегендей, тойға бара жатқандай бөрінің де мерейлері үстем, еңселері көтеріңкі, жүздері жарық, көздерінен, қозғалыстарынан қуанғандықтары көрініп тұрушы еді. Бір-біріне жолыққанда қуаныштан аман - сәлемді де ұмытып сөздері: «Поезд қашан келеді деу ғана» еді. Бұлар кімді тосады? Бұлардың поезд келген, келмегеніне не ісі бар? Әлде «Генерал-губернатор келеді, даяр болыңдар» деп жандарал өмір берді ме? Онда осындай қуана ма? Онда жалмауыздың жалғыз көзінде маңдайы жарқырап қазақтарды жолдан былай тұр деп қойша иіріп сабап жүретін