Сенбі, Тамыз 19

Tag: Алашорда үкіметі

Тұрсын Жұртбай     Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Тұрсын Жұртбай Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Алты Алаш
1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған Біртұтас алаш идеясында әрбір алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын [1]. Әлекеңнің – Әлихан Бөкейхановтың тергеушіге берген жауабындағы: «Мен сырымды екі-ақ адаммен бөлісе аламын. Олар – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов» – деп айтқанына жүгінсек, онда Біртұтас алаш идеясының ілхамында Ахаңның да – Ахмет Байтұрсыновтың да рух шапағаты бар. Мен бұл арада 1905 жылғы Сәлімгерей Жантөриннің «Автономия» атты еңбегінен және Мұхамеджан Тынышбаевтің 1905 жылғы 19 қарашада автономияшылдардың
Заман Төлеуов. Базарбай Мәметов жайлы ақиқат немесе ер есімі неге елеусіз?

Заман Төлеуов. Базарбай Мәметов жайлы ақиқат немесе ер есімі неге елеусіз?

Алты Алаш
Алашорда өкіметінің онбес министрінің бірі және қазақтың алғашқы заңгерлері қатарынан табылатын – Махетов-Мәметов Базарбай «қызыл режимнің» тепкісіне ұшыраған Алаштың бір арысы еді. Осы орайда мұрағатта сақталып, әбден сарғайған, сол арыстың өз қолымен жазған өмірбаянын арқау етейік. Ол 1988 жылдың тамыз айында Жетісу губерниясы, Лепсі уезі, қазіргі Көктерек болысы (бұрынғы Балқаш-Лепсі болысы) Шілікті жайлауында руы Садыр, Асипов Мәметтің кедей отбасында дүниеге келеді. 1898 жылы жасы онға толғанда ата-анасы оны Верный ерлер гимназиясының пансионына қазына қаржысы арқылы білім алуға тапсырады. 1900 жылы пансионның дайындық курсынан соң емтиханнан өтіп, гимназияның төменгі әзірлік класына қабылданып, 1911 жылы аяқтайды. Білімін жалғамақ болып, Семиреченск әскери губернаторынан стипендия та