Сейсенбі, Шілде 25

Tag: Алаш қозғалысы

Күлпаш Ілиясова: Алаш әскерінің құрылуы мен қызметі хақында

Күлпаш Ілиясова: Алаш әскерінің құрылуы мен қызметі хақында

Тарих
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  «Тәуелсіздік жылдарында алаштанушы-тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һәм Алашорда», Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиялық зерттеулері, дәл осы тақырыпта 4 томдық және 3 томдық құжаттар мен материалдар жинақтары, сондай-ақ әдебиет шығармалары жарық көрді. Бұл еңбектер атына заты сай алаштың өзекті мәселелерін зерттеуге негіз болатын құнды шығармалар. Солардың ішінде Алаш әскерінің тарихы бар.  Бүгінге дейін Алаш әскері туралы арнайы қалам тартқан авторлар санаулы. Әзірге қазақ тіліндегі басылымдарда Марат Әбсеметовтың «Ұлттық әскердің де тарихы бар (Ана тілі. 13.02.1991), Күлпаш Ілиясованың «Алаш әскері» (Қазақ тарихы. — №6. 1997.), Ерлан Сайлаубайдың «Алашорда әскері» (Абай журналы. — №1. 2000.) атты мақалаларымен шектеліп оты
Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

Тарих
Ербол  Тілешов филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы       Қазақтың ел мен жер турасындағы сан ғасырлық аңсары ХХ ғасырдың басында ұлтшылдық санаға ұласты. Қазақ ұлтшылдығының дәл осы кезеңде қалыптасуында, саяси және рухани идеологияға айналуында бірнеше себептер жатты. Біріншіден, аталған кезеңде қазақ зиялыларының үлкен шоғыры қалыптасты. Оның басында Ресейдегі саяси-қоғамдық жағдайлармен жақсы таныс, көшбасшылық қабілеті жоғары, қазақтың теңдігі мен бостандығын саяси жолмен ғана шешуге болатындығын терең түсінген Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан және рухани мәдениетіміздің ең белсенді тұлғасына айналған, жаңа ағартушылық дәуірді бастаған Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Екіншіден, Ресейдің ішіндегі саяси-қоғамдық ахуал орыс патшалығындағы халықтардың бостандық пен теңдік үшін сая
Алаш жылнамасы: 1915 жыл

Алаш жылнамасы: 1915 жыл

Руханият
1915 жыл – М. Тұрғанбаевтың «Пайғамбар заманы» кітабы жарық көрді. **** 1915 жыл  – Н. Күзембайұлының «Құран құралы» еңбегі жарияланды. **** 1915 жыл – М. Шоқай Ташкентте зиялылар мен білікті шәкірттердің басын қосқан «Кеңес» атты жасырын ұйым құрды. **** 1915 жыл, 4 қаңтар – «Қазақ» газетінде С. Дөнентаевтың «Ұлтшылға» атты өлеңі жарияланды. **** 1915 жыл, 21 қыркүйек – даңқты ғалым, қазақ халқының досы, Григорий Потанин 80-ге толды. Мерейтойға А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов жыр арнады. Қазақ шәкірттері арнайы жинақ шығаруды жоспарлады. **** 1915 жыл, 8 желтоқсан – түркі халықтарының атынан Венаға келген ресми делегация Австрия министр-президенті Шрюргк пен Сыртқы істер министрінің орынбасары граф Форгачқа негізгі мәселелерінің қатарына «Қазаққа саяси-әкімшілік тәуелсіздік әпер
Алаш жылнамасы: 1914 жыл

Алаш жылнамасы: 1914 жыл

Руханият
1914 жыл, 18 сәуір  – Омбыда қазақ жастарының бейресми «Бірлік» ұйымы құрылды. **** 1914 жыл – Петербордың «Речь» газетінде Ә. Бөкейханның қазақ халқын орыстандыру мен шоқындыруға қарсы мақаласы жарық көрді. **** 1914 жыл, қыркүйек – Түркі жұртының даңқты қайраткері И. Гаспаралы (1851-1914) қайтыс болды. Қазақ басылымдарында мұнақып берілді. **** 1914 жыл – Орынборда А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-жылдық» атты оқулығы жарық көрді. **** 1914 жыл, 6-10 желтоқсан – Петерборда Мұсылмандар сиезі өтіп, «ортақ тіл» мәселесі талқыланғанда қазақ тілінің түрік тілдері ішінде айрықша орны бар екені айтылды. Алты Алаш - руханият
Алаш жылнамасы: 1913 жыл

Алаш жылнамасы: 1913 жыл

Руханият
1913 жыл, 2 ақпан – Орынбордағы Кәрімов-Хусаинов баспаханасынан «Қазақ» газетінің 1-саны шықты. Бас редакторы – А. Байтұрсынұлы. **** 1913 жыл, 23 мамыр – «Қазақ» газетінде Х. Досмұхамедұлының «Алаш» не сөз?» атты мақаласы жарияланды. **** 1913 жыл – «Айқап» журналында Ж. Сейдалиннің «Азып-тозып кетпеске не амал?» атты мақаласы жарияланды. **** 1913 жыл, 18 маусым – «Айқын» журналында Ә. Бөкейханның Ж. Сейдалиннің хатына жауап ретінде «Ашық хат» деген мақаласы жарияланды. Алты алаш - руханият

Алаш жылнамасы: 1912 жыл

Руханият
1912 жыл – Орынборда А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Усул сотие жолымен тәртіп етілген қазақша алифба» еңбегі жарық көрді. **** 1912 жыл – Қазанда М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жинағы басылып шықты. ****