Жексенбі, Желтоқсан 17

Tag: бесік жыры

Мағжан Жұмабаевтің  салт-дәстүр жырлары

Мағжан Жұмабаевтің салт-дәстүр жырлары

Әдебиет
Бесік жыры Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым, Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі-ақ ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқсын дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл Беу-беу, бөпем, Беу-беу, бөпем,                 Әлди, әлди-ай! Сәулем, еркем, Күні ертең                 Толарсың сен ай. Пісіп алмам, Толып бағлан,                 Жүгіріп жүрерсің. Сұлу сүйрік, Жорға жүйрік                 Тайға мінерсің. Қара жарғақ, Түлкі тымақ Шоқтап киерсің. Қуанып, қалқам, Ерке марқам,                 Қысып сүйермін. Мініп тұ