Жексенбі, Желтоқсан 17

Tag: Гауми

Мо Янь: Романның иісі

Мо Янь: Романның иісі

Аударма
(Франция Париж кітапханасында сөйленген сөз) Наполеон Бонапарт кезінде: «Менің көзімді таңып тастаса да, иіс түйсігіме сүйеніп, ата мекенім Корсиканы таба аламын» деген екен, себебі, Корсика аралында біртүрлі өсімдік өседі екен, оның хош иісі желмен бірге таралатын көрінеді. Жазушы Шолохов «Тынық Дон» романында өзінің елден ерек иіс түйсігін әйгілеп бақты. Ол Дон өзенінің иісін, жайлаудағы алуан түрлі (көк, қураған, шіріген) шөптердің және жылқының денесіндегі тер иісін суреттеді. Әрине, мұнда казак еркектер мен әйелдер денесіндегі иістер бар. Ол өз романының алғы сөзінде: «Тынық Дон, біздің әкеміз! Донның иісі – казак сахарасының иісі» дейді. Әсілі бұл оның ата мекенінің иісі еді. Қытай мен Ресей шекарасындағы Уссури өзенінде туылып, терең теңіздерде өсетін салмон балығы уылдырық