Жексенбі, Желтоқсан 17

Tag: Ербол Тілешов

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

Тарих
Ербол  Тілешов филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы       Қазақтың ел мен жер турасындағы сан ғасырлық аңсары ХХ ғасырдың басында ұлтшылдық санаға ұласты. Қазақ ұлтшылдығының дәл осы кезеңде қалыптасуында, саяси және рухани идеологияға айналуында бірнеше себептер жатты. Біріншіден, аталған кезеңде қазақ зиялыларының үлкен шоғыры қалыптасты. Оның басында Ресейдегі саяси-қоғамдық жағдайлармен жақсы таныс, көшбасшылық қабілеті жоғары, қазақтың теңдігі мен бостандығын саяси жолмен ғана шешуге болатындығын терең түсінген Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан және рухани мәдениетіміздің ең белсенді тұлғасына айналған, жаңа ағартушылық дәуірді бастаған Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Екіншіден, Ресейдің ішіндегі саяси-қоғамдық ахуал орыс патшалығындағы халықтардың бостандық пен теңдік үшін сая