Бейсенбі, Қазан 19

Tag: Жасасын

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Тарих
Кеше, жақын Семейде, 21 октябрьде, бұрынғы жандарал мекемесі, «Бостандық үйіне» қарай топ-тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, куристер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар. «Сегіздегі бала сексендегі шал да қалмай» дегендей, тойға бара жатқандай бөрінің де мерейлері үстем, еңселері көтеріңкі, жүздері жарық, көздерінен, қозғалыстарынан қуанғандықтары көрініп тұрушы еді. Бір-біріне жолыққанда қуаныштан аман - сәлемді де ұмытып сөздері: «Поезд қашан келеді деу ғана» еді. Бұлар кімді тосады? Бұлардың поезд келген, келмегеніне не ісі бар? Әлде «Генерал-губернатор келеді, даяр болыңдар» деп жандарал өмір берді ме? Онда осындай қуана ма? Онда жалмауыздың жалғыз көзінде маңдайы жарқырап қазақтарды жолдан былай тұр деп қойша иіріп сабап жүретін