Сенбі, Маусым 24

Tag: Жастар айтысы

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Руханият
Астанада «Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz. «Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қайта түлеген айтыс өнері қазіргі таңда өте жақсы жағдайда деп толық сеніммен айта аламыз. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Айтыстың беделі де күн санап артуда. Осыған орай елімізде де жас әрі дарынды айтыскерлердің бар екендігі және олардың кәсіби шеберліктері көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғамның өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз»,- деп атап өтті депутат Бақтияр Мәкен. Айтыстың бас жүлдесін семейлік Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Оған 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды қызылордалық Мұхаметжан Мансұров иеленіп, ол 200 мың теңге еншіледі. Ал, үшінші орынға қостанайлық Нәрия Ақбабақызы лайықты саналып, 150 мың