Дүйсенбі, Қаңтар 22

Tag: Жәнібек батыр

Асқар Татанайұлы. Жәнібек батырдың қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы

Асқар Татанайұлы. Жәнібек батырдың қартайған кезінде кешірмелерін еске алуы

Тарих
Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен: - Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан жерім жоқ, оның қайсысын ерлікке санарсың? Бірақ өмірімде қапияда кезігіп, қас-қағымның арасында өткен үш түрлі жағдайға тап болдым. Сонда менің жүрегім түршігіп көрмеді. Кейбіреулер қорқамыз дейді екен, мен қорқудың не екенін білген жан емеспін, Алла берген жанды Алла өзі алады. Басқа біреудің алуы мүмкін емес деп сенемін. Соғыста жеңілгенің – ақыл-айлаң мен күшіңнің кемдігі, соғыста жеңгенің сол екеуінің артықтығы. Ал күтпеген жерд
Бертран Рассел  Қалай қартаю керек?

Бертран Рассел Қалай қартаю керек?

Аударма
Ағылшын, Нобель сыйлығының иегері   Менің ойымша, өзімшілдігі аса күшті болмаған, үйлесімді сыртқы қимылдармен үнемі айналысып тұратын адамдар үшін соңғы өмірді ойдағыдай өткізу – онша қиын шаруа емес. Осы тұрғыдан алғанда, ұзақ жылдық тәжірибенің берері мол. Осы мәннен айтсақ, тәжірибеден туған ақыл-ойдың жерде қалмай, жылы қабылданары анық. Әлі ес тоқтатпаған балаға қателік өткізбе деп қанша айтқанмен, өнімі болмайды. Бұндағы бірінші себеп, баланың саған сенбейтіні болса, екіншісі, қателіктің өзінің тәрбие ісінің маңызды құрамдас бөлігі болғанында. Алайда, егер сіз өзімшіл болмауға қабілетсіз жандардың бірі болсаңыз, онда өз балаларыңыз бен немерелеріңіздің қамқорлығын есепке алмағанда, өз өміріңіздің қаңырап бос қалғанын сезер едіңіз. Бұндай жағдайда, сіз оларға ұсақ–түйек
Салтанат Ізтілеуова. Қашпаған қандай ұрыстан…

Салтанат Ізтілеуова. Қашпаған қандай ұрыстан…

Тарих
 \r\n\r\nҚазақ тарихында елі мен жері үшін күрескен ерлер баршылық. Өкінішке орай, олардың көпшілігінің ерлік істері туралы мағлұматтар бүгінгі ұрпаққа беймәлім. Осындай «ақтаңдақтардың» орнын толтыру бүгінгі тарихшылар мен әдебиеттанушылардың өзекті міндеті. Толарсақтан саз кешіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін өмірлерін жорықпен өткізген ұлы аталарымыздың есімдері қандай да құрметке лайық. Қазақтың қазақ болып қалуы солардың арқасы. Халықтың өзін-өзі сақтап, ұзақ тарихи кеңістікте өмір сүре алуы өте күрделі құбылыс. \r\n\r\nӘсіресе, басқыншы, қуатты державалармен көрші отырған қазақ сияқты халықтар тағдыры тіптен ауыр. Қазақ халқының өзінің этникалық келбетін, ұлттық құндылықтарын, ең бастысы, ұлан-байтақ жерін сақтау жолындағы күрестері трагедияға тол
Шетелдегі Алаш ұранды бауырларға үшбу хат!

Шетелдегі Алаш ұранды бауырларға үшбу хат!

Алты Алаш
«Шетелдегі» десек те, көшпенді Сақ, Ғұн, Түркі дәуірінен бергі ата-бабалары мұра етіп қалдырған қасиетті топырақта өгейдің күнін кешіп отырған ардақты Бауырлар, Ағалар, Жеңгелер, Іні-Қарындастар!!\r\n\r\nСоңғы кезде әлемде болып жатқан оқиғаларды біліп, көріп жатқан боларсыздар! Ресей озбыр-шапқыншылары тәуелсіз Украин елінің территория тұтастығына қол сұғып, Қырым парламентін қарулы адамдармен қоршап, депутаттардың отбасын, бала-шағасын қорқыту арқылы Ресейге қосылуға мәжбүр етті.\r\n\r\nБұл барып тұрған жауыздық, басқыншылық!\r\n\r\nӨздеріңіз білесіздер, Қазақ Елі алғаш Тәуелсіздік алған күннен-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы бастамасымен шетелдегі қандастарын Елге шақыруды мемлекеттің негізгі саясатының бірі ретінде қолға алды. Содан бастап елге ел қосылды, батыс пен шығыстан, оңт
Түркі әлеміне ортақ Тоқтағұл

Түркі әлеміне ортақ Тоқтағұл

Алты Алаш
\r\n\r\n \r\n\r\nАстана қаласында Түркі акедемиясының ұйымдастыруымен қырғыздың белгілі ақыны әрі жыршысы Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ала тоо булбулу» атты халықаралық конференция өтті. Былтыр Түркі тілдес мемлекеттердің Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 31-ші отырысында 2014 жылды «Тоқтағұл Сатылғанов» жылы деп жариялаған болатын. Қырғыз поэзиясындағы көрнекті өкілдің мерейтойы Түрік мәдениет ұйымы ТҮРКСОЙ-дың мұрындық болуымен наурыз айында Анкарада басталып, «Тоқтағұл Сатылғанов жылы» салтанатты түрде ашылды. Содан бері аталмыш ұйымға мүше елдерде қырғыз ақынына арналған конференциялар, түрлі жиындар мен мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл шараны қолға алып, қырғыз ақынына бір жыл арнаудағы мақсат – түркі әдебиеті үшін ортақ тұлғаны түркі әлемін

Асқар Татанайұлы. Алтайға ел қондырған Ер Жәнібек (жалғасы)

Тарих
\r\nАбылай ханның Жәнібек батырды сынауы\r\n Жас батыр Жәнібектің жау алдындағы қайраты аңыз болып, ел ішіне тез жайылады да, Абылай хан оны жете сынамақ болады, сол ойдың орайы бораны күркіреп, жаңбыры сіркіреп бір күннің түніне тура келеді.\r\n\r\nЖорыққа аттанған Абылайдың қалың қолы нөсерлі қою қараңғы түнді жамыла иендегі ағаш бейіттен бірер шақырым өтіп барып түседі. Күз аспаны сағымша құйылып, бір ашылып, бір түнеріп, нөсер бірде құйып, бірде толастайды. Қолын тоқтатып, шатырын тіккен Абылай Жәнібекті шақыртып алып:\r\n- Мына жігіттер сусоқты болып малшынып, жолсоқты болып шалдыққан көрінеді. Енді бүгесінен жатып шігесінен кетуге бейіл секілді, - дейді. «Хан шынымен-ақ қайрандап қалғаны ма?» деп ойлаған ақ еділ жанды, аңғал батыр:\r\n- Қан майданда өлсек шаһид дер еді, қарап жатып ө

Асқар Татанайұлы. Алтайға ел қондырған Ер Жәнібек

Тарих
\r\n\r\nЖәнібек батырдың балалық шағы туралы\r\nЖәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның Қаракесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін, бірнеше жыл бала көрмей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда Арғынның Шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан түсіп сәлем береді де, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен «ақ сарбас» қойын айтып сойып, қарсы алады. Бұл 1714-ші жыл еді.\r\n\r\nАқ күндекті ана мен айыр бө