Сейсенбі, Тамыз 22

Tag: Күлпаш Ілиясова

Күлпаш Ілиясова: Алаш әскерінің құрылуы мен қызметі хақында

Күлпаш Ілиясова: Алаш әскерінің құрылуы мен қызметі хақында

Тарих
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  «Тәуелсіздік жылдарында алаштанушы-тарихшылар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш Һәм Алашорда», Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиялық зерттеулері, дәл осы тақырыпта 4 томдық және 3 томдық құжаттар мен материалдар жинақтары, сондай-ақ әдебиет шығармалары жарық көрді. Бұл еңбектер атына заты сай алаштың өзекті мәселелерін зерттеуге негіз болатын құнды шығармалар. Солардың ішінде Алаш әскерінің тарихы бар.  Бүгінге дейін Алаш әскері туралы арнайы қалам тартқан авторлар санаулы. Әзірге қазақ тіліндегі басылымдарда Марат Әбсеметовтың «Ұлттық әскердің де тарихы бар (Ана тілі. 13.02.1991), Күлпаш Ілиясованың «Алаш әскері» (Қазақ тарихы. — №6. 1997.), Ерлан Сайлаубайдың «Алашорда әскері» (Абай журналы. — №1. 2000.) атты мақалаларымен шектеліп оты