Дүйсенбі, Қаңтар 22

Tag: Мэлс ҚОСЫМБАЕВ

Мэлс ҚОСЫМБАЕВ. Адамға дос керек шығар, Ақынға дос керек емес…

Мэлс ҚОСЫМБАЕВ. Адамға дос керек шығар, Ақынға дос керек емес…

Әдебиет
Бақытымның шырқамай байтақ әнін,\r\n\r\nБасымды тасқа соқтым, байқамадым.\r\n\r\nМұхит-сезім өзімді тұншықтырып,\r\n\r\nМұқағали тағдырын қайталадым.\r\n\r\n \r\n\r\nЖауда қалып қойыппын жарақтанбай,\r\n\r\nЖасаған жалғыз қылып жаратқандай.\r\n\r\nҚанжығама бөктеріп кетіп едім,\r\n\r\nҚара көзді қауқар жоқ қаратқандай.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарамаса қара көз, қарамасын,\r\n\r\nТабаласа, тағдырым табаласын.\r\n\r\nҚамсыз ғана жүрейін деген едім,\r\n\r\nҚара жерге сыймайды қара басым.\r\n\r\n \r\n\r\nБұлдырап жоқ болады бір күн елес,\r\n\r\nБұлт болып нөсер-сезім сіркіремес.\r\n\r\nЕртегіден хор қызын әкелсең де,\r\n\r\nЕнді ғашық болуым мүмкін емес!\r\n\r\n \r\n\r\n*  *  *\r\n\r\n \r\n\r\nТоп қыздар сыбырласып тоқтай қалған,\r\n\r\nТоқтай қалып, көздері шоққа айналған.\r\