Сенбі, Маусым 24

Tag: Нобель

НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

Аударма
Үстiмiздегi жылдың Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиет
Бертран Рассел  Қалай қартаю керек?

Бертран Рассел Қалай қартаю керек?

Аударма
Ағылшын, Нобель сыйлығының иегері   Менің ойымша, өзімшілдігі аса күшті болмаған, үйлесімді сыртқы қимылдармен үнемі айналысып тұратын адамдар үшін соңғы өмірді ойдағыдай өткізу – онша қиын шаруа емес. Осы тұрғыдан алғанда, ұзақ жылдық тәжірибенің берері мол. Осы мәннен айтсақ, тәжірибеден туған ақыл-ойдың жерде қалмай, жылы қабылданары анық. Әлі ес тоқтатпаған балаға қателік өткізбе деп қанша айтқанмен, өнімі болмайды. Бұндағы бірінші себеп, баланың саған сенбейтіні болса, екіншісі, қателіктің өзінің тәрбие ісінің маңызды құрамдас бөлігі болғанында. Алайда, егер сіз өзімшіл болмауға қабілетсіз жандардың бірі болсаңыз, онда өз балаларыңыз бен немерелеріңіздің қамқорлығын есепке алмағанда, өз өміріңіздің қаңырап бос қалғанын сезер едіңіз. Бұндай жағдайда, сіз оларға ұсақ–түйек

Бертран РАССЕЛ. Мен неге бола ғұмыр кештім?

Аударма
\r\n \r\n (Ағылшын, \r\nНобель сыйлығының иегері)\r\n\r\n\r\n\r\n\r\n\r\nТ\r\n\r\n\r\n\r\n\r\nіптен қарапайым, бірақ иілместей берік үш түрлі сезім – маздаған махаббат, білімге деген құштарлық және адамзат қайғы-қасіретіне болған кісі төзгісіз жанашырлық – менің тұтас өмірімді меңгеріп алған. Бұл сезімдер бейне бір күшті дауыл секілді мені ұшырып анда да апарды, мұнда да апарды, қайдағы бір қаңыраған жолдармен ауыр азаптың терең мұхитынан өткізіп, үмітсіздіктің алыс жағалауына жеткізді.\r\n\r\nМахаббатқа сонша берілгенімнің басты себебі: ол маған естен танғандай ғашықтық сыйлады – ғашықтықтан есімнен айырылғаным сонша, мен осы бір ләззаттың бір сағаты үшін қалған өмірімді тәрк етуге бар едім. Оған берілгенімнің екінші себебі: ол мені жалғыздықтан – әлдебір қалтыраған жан-рух дүниенің қайсы

Джон СТЕЙНБЕК. Адам біздің ең үлкен қатеріміз болғаны сияқты, соңғы үмітіміз де

Аударма
\r\n\r\n (АҚШ)\r\n(Нобель сыйлығын алғанда сөйлеген сөз)\r\n10. 12. 1962ж. Стокгольм\r\nМенің шығармаларымды осынша биік мәртебеге лайық деп тапқандары үшін Суедіш академиясына мың да бір алғыс. Нобель сыйлығын алып, өзім аса сыйлайтын, бек құрметтейтін үлкен қаламгерлердің алдын орап кеткеніме іштей кішкене ыңғайсыздық туындаса туындаған шығар, ал оған қол жеткізгеніме бола керемет шаттанып, қабағат қауанғаныма ешбір күмән болмауға тиіс.\r\n\r\nДағды бойынша, бұл сыйлықты алған кісі әдебиеттің болмысы мен даму бағыты жайында өзінің кәсіби не жеке ойларын жайып салуы керек еді. Бірақ, мен осы бір алабөтен мезетті сол әдебиетті жасаушылардың биік міндеті мен жауапкершілігі турасында сөз қозғаудың ең тамаша сәті деп тауып тұрмын.\r\n\r\nНобель сыйлығының және мен табан тіреген мына мінбердің

У. Б. Йейтс. ОЛАРҒА ҚАРЫЗДАРМЫН

Аударма
\r\nУ. Б. Йейтс\r\n(Ирландия)\r\n(Нобель сыйлығын алғанда сөйлеген сөз)\r\n10. 12. 1923ж. Стокгольм\r\n Бүкіл шығармашылық өмірімде мен Скандинавиян халқына бастан-аяқ борыштар сезімде болып келемін. Сонау бір көкөрім жас кезімнің өзінде жақын досыммен бірлесіп, бірнеше жылды сарп қылып ағылшын ақыны Блейктің пәлсапасына қысқаша түсінік жасағаным бар. Басында Блейк сіздердің даңқты Суединбергтеріңіздің табынушысы болған. Артынан бет бұрып кетіпті. Дегенмен, кейін жартылай күмәнданса да, жартылай мойынсал болып өткен. Сырлы жазбаларында Блейк өз арнасынан асып–төгіліп, ойлары екі ұштылыққа, тым күңгірттікке тартып кеткендіктен досым екеуміз жұмбақ тұстарына жұқалап түсінік беру үшін Суединбергке тұрақты түрде соғып отырдық. Оның соңғы қырық жылдықта ағылшын ой–санасына жасаған ықпалы алдыңғ