Дүйсенбі, Қаңтар 22

Tag: Оскар 2017

Жаза басқан жүргізуші (бейне)

Жаза басқан жүргізуші (бейне)

Хабар-ошар
Лос-Анджелесте американдық киноакадемияның бас жүлдесін табыстау рәсімінің соңы күтпеген жерден дау-дамайға ұласты. Барлық номинация бойынша «алтын адамдар» табысталып болып, сыйлықтың сұлтаны «Ең үздік фильм» үшін Oscar жеңіп алған картинаны атау кезінде актриса Фэй Данауэй мен актер әрі режиссер Уоррен Битти шатасып, «Ла ла лендті» айтып қалып, сахнаға осы фильмді түсірген топ шығып, жиылған жұртқа және ағайын-туыстарына жүрекжарды алғыс білдіре бастаған еді. Бірақ, сөйткенше болған жоқ, актерлік аламанның бас жүлдесі «Лунный свет» картинасына берілгені анықталды. Бұған сенер-сенбесін білмеген жұрт есеңгіреп барып, есін жиды. Рәсімнің шымылдырығы түрілер кезде жүргізуші Джимми Киммел «түбінде осылай масқара болатынымды біліп едім» деп, жұрт алдында ағынан жарылды. Алты алаш - ақпара
“Оскар – 2017” өз иесін тапты

“Оскар – 2017” өз иесін тапты

Руханият
Лос-Анджелесте өтіп жатқан Америка кинематографиясының жыл сайынғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары анықталып, лайықты жүлделерін қанжығалады. Жыл он екі айда бір табысталатын сыйлықтың жеңімпаздарын атап өтейік: Үздік фильм: «Лунный свет» Екінші пландағы үздік актер: Махершала Али, «Лунный свет» Екінші пландағы үздік актриса: Виола Дэйвис, «Ограды» Үздік анимациялы фильм: «Зверополис» Үздік шетелдік фильм: «Коммивояжер» (Иран) Үздік қысқаметражды анимациялы фильм: «Пайпер» Фильмдегі үздік мейкап және шаш үлгісі:   «Отряд самоубийц» Үздік қысқа деректі фильм: «Белые шлемы» Алты алаш - руханият