Жексенбі, Желтоқсан 17

Tag: роман

НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

Аударма
Үстiмiздегi жылдың Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиет
Кеңес ЮСУП, жазушы, аудармашы: «Жүз жылдық жалғыздық» романы аударыла сала екі-үш аптада тарап кетті

Кеңес ЮСУП, жазушы, аудармашы: «Жүз жылдық жалғыздық» романы аударыла сала екі-үш аптада тарап кетті

Аударма
 Жазушы, белгілі аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Юсуп ағамыз көптен бері елге көрінбей кетті. «Арқалағаны алтын ағамыз қайда жүр екен?» деген мақсатта сонау Астанада жүрген қаламгерге хабарласып, бірнеше сұрағымызды қойған едік. Туған елімнің қайталанбас табиғаты мен тарихи ескерткіштері туралы жазбағаныма өкінемін– Кеңес аға, соңғы жылдары көптің көзіне көрінбей кеттіңіз. Не шаруа тындырып жүрсіз?– Әлбетте, менің әуел бастан-ақ көптің көзіне түсе беруге құмарлығым болған емес, бірақ, ешқашан ешкімнен тығылып, оқшау күй кешкен кезім де жоқ секілді. «Сіздер ана жақта, біздер мына жақта» демекші, томаға-тұйық жатқан жайымыз және жоқ, баяғы қазақы қоңыр тірлік. Мемтерминкомның мүшесі ретінде соның іс-шараларына қатысып жүремін, жоғары оқу орындарында, мәдениет мекемеле