Сенбі, Маусым 24

Tag: Серік Нұғыман

Фрэнсис Бэкон       Үйрену туралы

Фрэнсис Бэкон Үйрену туралы

Аударма
Үйренудің көңілділік үшін, көркемдік үшін, қабілет үшін атқарар қызметі орасан. Оның көңілділікке басты көмегі өзіңмен-өзіңді жеке тастап, оңаша қалдырады. Көркемдік үшін – шешен сөйлеуге, ал қабілеттілік үшін – жұмыстарды жете меңгеріп, тез бір жақты етуге икемдейді. Тәжірибелі адам әрбір кішкене істерге дейін жіңішке жоспарлап, артынан орындауға шебер болғанымен, дана ақылшылар, үлкен жоспар, ұлы істерді жобалаушылар қашанда оқығандардан шыққан. Уақытының көбін үйренуге жұмсайтындар – жалқау, көркем сөз теруге жұмсайтындар – бейтабиғи, барлық істі оқығандарына салатын оқу соққандар болып шығады. Білім табиғи кемелденеді әрі тәжірибе арқылы толығып отыруға тиіс. Табиғи қабілет табиғи өсімдікке ұқсайтын болғандықтан, оны үйрену арқылы күзеп отыруға тура келеді. Тек тәжірибенің шеңберінде ғ
Мартен Дю Гар   Толстойдың әсері

Мартен Дю Гар Толстойдың әсері

Аударма
Француз,  Нобель сыйлығының иегері Бенерон орта мектебінің меңгерушісі Эйбер поп маған «Соғыс және бейбітшілікті» оқып шығуды тапсырған кезде мен әлі он жетіге толмаған бозбала едім. Эйбер поп мен аса құрметтейтін мектеп меңгерушісі болатын. Оқу бітіріп кеткен соң да ол кісіні үнемі іздеп барып тұрдым. Ол аталмыш туындыны маған ұсынып тұрып: «Сен кешікпей бейнелеу қуаты мен дәлдік түйсік бірлігінің сөз өнерінде қандай ғажайып жарата алатынының куәсі болатын боласың»,-деді. Толстойдың шығармаларын оқи бастау, бұл, әрине, менің жас шағымдағы өте үлкен оқиғалардың бірі. Ол менің тұтас жазушылық өміріме зор әрі шешуші әсер етті. Менің әдеби туынды формаларының бірі болған қарасөзге, соның ішінде кейіпкерлері мол, оқиға желісі күрделі есептелетін құлашты прозаға деген ықыласым дәл «Соғыс жә

У. Б. Йейтс. ОЛАРҒА ҚАРЫЗДАРМЫН

Аударма
\r\nУ. Б. Йейтс\r\n(Ирландия)\r\n(Нобель сыйлығын алғанда сөйлеген сөз)\r\n10. 12. 1923ж. Стокгольм\r\n Бүкіл шығармашылық өмірімде мен Скандинавиян халқына бастан-аяқ борыштар сезімде болып келемін. Сонау бір көкөрім жас кезімнің өзінде жақын досыммен бірлесіп, бірнеше жылды сарп қылып ағылшын ақыны Блейктің пәлсапасына қысқаша түсінік жасағаным бар. Басында Блейк сіздердің даңқты Суединбергтеріңіздің табынушысы болған. Артынан бет бұрып кетіпті. Дегенмен, кейін жартылай күмәнданса да, жартылай мойынсал болып өткен. Сырлы жазбаларында Блейк өз арнасынан асып–төгіліп, ойлары екі ұштылыққа, тым күңгірттікке тартып кеткендіктен досым екеуміз жұмбақ тұстарына жұқалап түсінік беру үшін Суединбергке тұрақты түрде соғып отырдық. Оның соңғы қырық жылдықта ағылшын ой–санасына жасаған ықпалы алдыңғ