Сенбі, Маусым 24

Tag: теңге

Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Заман және қоғам
Биылғы мешін жылына жылдағыдай ұрандатып емес, басымызды салбыратып кірген жайымыз бар. Төл теңгеміз 100 пайызға құнын жоғалтып, әлемнің ең әлсіз валютасына айналды. Google-дың дәстүрлі жыл қорытындысы бойынша, 2015 жылы қазақстандықтарды жиі толғандырған сұрақ та теңгенің бағамына қатысты болған екен. Құнсыздықтың арты қымбатшылыққа ұласып, дағдарыс тырнағын батыра бастады. Айырбас құнының бұнша құбылатынын білмеген халық дел-сал болып, айырбас пункттерін торуылдады. Ертеңгі күннің көзін бұлт басып тұрған шақта көпшілікке жол сілтеуші, кәсіби көзқарасқа қазіргі қоғам зәру-ақ. Сондай тынық ой, саралы пікір айтуға қарымды азаматтар саусақпен санарлық десек, солардың өздерінің ішіндегі саусақпен санарлықтардың бірі академик, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты