Сейсенбі, Тамыз 22

Tag: Фрэнсис БЭКОН

Фрэнсис Бэкон       Үйрену туралы

Фрэнсис Бэкон Үйрену туралы

Аударма
Үйренудің көңілділік үшін, көркемдік үшін, қабілет үшін атқарар қызметі орасан. Оның көңілділікке басты көмегі өзіңмен-өзіңді жеке тастап, оңаша қалдырады. Көркемдік үшін – шешен сөйлеуге, ал қабілеттілік үшін – жұмыстарды жете меңгеріп, тез бір жақты етуге икемдейді. Тәжірибелі адам әрбір кішкене істерге дейін жіңішке жоспарлап, артынан орындауға шебер болғанымен, дана ақылшылар, үлкен жоспар, ұлы істерді жобалаушылар қашанда оқығандардан шыққан. Уақытының көбін үйренуге жұмсайтындар – жалқау, көркем сөз теруге жұмсайтындар – бейтабиғи, барлық істі оқығандарына салатын оқу соққандар болып шығады. Білім табиғи кемелденеді әрі тәжірибе арқылы толығып отыруға тиіс. Табиғи қабілет табиғи өсімдікке ұқсайтын болғандықтан, оны үйрену арқылы күзеп отыруға тура келеді. Тек тәжірибенің шеңберінде ғ
Фрэнсис Бэкон   Кек алу туралы

Фрэнсис Бэкон Кек алу туралы

Аударма
Кек қайтару – әділеттіліктің жабайы түрі. Ол адам болмысында төбе көрсеткен замат заң оны отап отыруы керек. Бастапқы қылмыстың өзі заң бұзу болғандықтан, оған қарымжы қайтарылған кек заңның беделін түсіреді. Кек алу кезінде кімде-кім дұшпанымен тең түсіп, не болмаса, болған істі үнсіз өткізіп жібере алса, оның даусыз ер болғаны. Себебі, кешірімділік – нағыз ерлердің ісі. «Ашу-ызаны жеңе алудың өзі бір даңқ» дегенді Сүлейменнің айтқанына сенімім кәміл. Өткен – өтті, оны енді қайтіп орнына келтіре алмайсың, артта қалған істермен айналысу тынған шаруаға еңбекті тағы бір рет еш қылғандай жұмыс болғандықтан, ақылды кісілер назарын ылғи да қазіргі не келешектегі істерге аударған. Қолға түсіруге тиіс болған әлдебір нәпақа, байлық, даңқ сияқты нәрселерге бола болмаса, қылмыс өткізу үшін ғана қылм
Фрэнсис БЭКОН. АҚИҚАТ ТУРАЛЫ

Фрэнсис БЭКОН. АҚИҚАТ ТУРАЛЫ

Аударма
«Ақиқат» деген не?», – депті Плети миығынан күліп, бірақ, жауабын алуға тағаты жетпесе керек. Шынында да, дүниеде көз арбаған жылтыраққа алданғандар қаншама! Олардың ойынша, бір ғана сенімде қатып қалу – адам ойын ажырғылап, идеа мен қимылдың еркіндігіне кедергі жасайды. Мұндай пәлсапаның күні әлдеқашан өтті дегенмен, артына тастап кеткен тағылымы да жеткілікті. Бейне денеміздегі күретамырлар секілді. Ондағы қанды ата-бабаларымыздікіндей қою демеген күннің өзінде, бәрібір, оның жұғыны бар ғой. Ақиқатқа қол жеткізудегі басты кедергі тек қана оның қиындығы, болмаса, машақаты емес, қайта ол қолға түскен кезде адамдар санасын әлдеқашан жалғандық жайлап алып, сандырақтың айдарынан жел естіретіндігінде. Бұл кәдімгі қожыраған махаббаттағыдай жылтсыз жылпостық. Гректің соңғы дәуір философтарының б