Дүйсенбі, Қаңтар 22

Tag: Шығыс

Ғалым Боқаш  Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Ғалым Боқаш Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Хабар-ошар
 Батыстың адамы көршісіне: "Бүгін Мистер кіші Смит Мистер Аткинсонның жалғыз қызы Джейнге үйленіп жатқанын естідіңіз бе? Таңертең Дорчестердегі шіркеуде некелерін қиыпты. Кешкі 5-те ресми дастарханы екен. Мистер үлкен Смит есіңізде шығар, біздің Ньюбериде туып өскен, су шаруашылығын басқарған, кейін Дорчестерге көшкен. Ал мистер Аткинсонның шешесі Миссис Уильямс - осы көшенің басында тұрған Грейлердің жалғыз қызы, кейін Дорчестердің бухгалтеріне күйеуге тиген". Шығыстың адамы көршісіне: "Біздің Ақбұлақтан Қарағандыға көшіп кеткен Тенгебаев Сәбит есіңде ме? Ой, әлгі қырманшы Сейіттің үлкен ұлы ше? Иә, сол 56 Сәбит қой. Қарағандыға барып өсіп кетіп еді ғой, ауыл шаруашылығы басқармасына кіріп. Сосын әлгі Қадишаны білуші ме ең? Жәкен атаның ортаншы қызы ше. Бақыттармен қатар оқыған? Бізден ү