Сейсенбі, Шілде 25

Tag: Ықылас Ожайұлы

«Әтпіштің» әңгімесі

«Әтпіштің» әңгімесі

Руханият
I Ана жолы үстел басында бір топ жігіт «Абай жолындағы» Қодар мен Қамқа өліміне қатысты біршама сөзге келіп қалдық. Сондағы Құнанбай қолданған жазаны көбісі надандық пен ескілік қалдығы деп санайды екен. - Адамның ерік-қалауы деген болады, ол бүгінгі ата заңымыздың ақ парағына қара сиямен әдіптеліп тұрып жазылған, – деді алғаш сөз алған жігітіміз. – Сонда қайын атасы мен келіні... – дедім де кілт тоқтай қалдым, арғы жағын айтуға ауызым дауаламай. – Жоқ, – деді ол жұлып алғандай, – Бәрібір де адамның ішкі қалауына ешкімнің де араласуына жол берілмеуі керек. Сол кезде сөзге екінші опономентім араласты. –Немене, адамды міндетті түрде өлтіру керек пе? Мұнан кейін бұлай еш жасамаңдар деп жазаламай-ақ та жібере салуға болады ғой, – деді үлкен данышпандық ой тастап. – Пәлі, – дедім мен, – бұл
Ықылас Ожайұлы   Қара өлең – тұтас ұлттың рухани генефоны

Ықылас Ожайұлы Қара өлең – тұтас ұлттың рухани генефоны

Әдебиет
Қара өлең – ықылым замандардың елегінен өткен, бір ғана автордың емес, тұтас ұлттың рухани генефоны. Дәлірек айтсақ, тектік негізі мен жаралымы. Эпостарға ЕС жұпарлап, қара өлеңге КІНДІК байламайынша қолға қалам алуға болмайды. Емлесі (жазылуы) қазақша дегеніңіз болмаса, ойын (мазмұнын) адам түсінбейтін, бейнебір тәржімә іспетті тексіз (генетикадан ада) өлеңдердің қаулап кетуінің түпкі тіні осында жатыр. Біз Алла жеткірсе бұл тақырыпқа қайыра оралып, сол шіркіндердің атын атап, өңін түстей отырып жеке-жеке жіліктейтін боламыз. Қысқасы, сөзуар, күшеншек, қолдан түнеріп өлең құрайтын «ақынсымақтарға» ШЫН ӨЛЕҢНІҢ мәртебесі осылай болады деген мақсатпен қара өлеңнің ғашықтық саласынан бірер шумақтар ұсынып отырмын... Жылқым жусар сәскеде Шаппакөлге, Жаным сергір сен жақтан соққан ж
Ықылас Ожайұлы   Бәрібір “өлгендер қайтіп келмейдінің” кебін құшасыз…

Ықылас Ожайұлы Бәрібір “өлгендер қайтіп келмейдінің” кебін құшасыз…

Хабар-ошар
Сөзді төтесінен тартайық. Енді елу, жарайды жеті жүз жыл өтті дейік, сіздің бүгінгі шығармаңыз (поэзияңыз бен прозаңыз) ертеңгілік низамның жоралғысына жарай ала ма, жоқ па, МӘСЕЛЕ СОНДА. Жемір уақыт сіздің атағыңыз бен абыройыңызға мемлекеттік сыйлығыңызбен парасат орденіңізге пысқырып та қарамайды. Кешегі "менмін" деген мықтылардың көбісінің аяғы көктен келді. Тағы да талайларымыздың ізім - ғайым жоқ боларын көзіміз көрер, көрмесек рухымыз сезер. Әңгіме төркіні әдебиет жайында болып отырғандықтан Мұстафа Шоқайдан бір үзім мысал келтірейік: "Әдебиет аяққа қарай тігілетін шақай емес". Көбігінен арылған дұрыс пайым. Біз бұған әдебиет бүгінге емес, ертеңге (оқырман санасының жаңа сапалық қабаттарға көтерілуіне) қызмет қылу керек деген тезисті түзген болар едік. Олай болса Абайға Әбділдә,