Дүйсенбі, Қаңтар 22

Tag: Ғалым Боқаш

Ғалым Боқаш  Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Ғалым Боқаш Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Хабар-ошар
 Батыстың адамы көршісіне: "Бүгін Мистер кіші Смит Мистер Аткинсонның жалғыз қызы Джейнге үйленіп жатқанын естідіңіз бе? Таңертең Дорчестердегі шіркеуде некелерін қиыпты. Кешкі 5-те ресми дастарханы екен. Мистер үлкен Смит есіңізде шығар, біздің Ньюбериде туып өскен, су шаруашылығын басқарған, кейін Дорчестерге көшкен. Ал мистер Аткинсонның шешесі Миссис Уильямс - осы көшенің басында тұрған Грейлердің жалғыз қызы, кейін Дорчестердің бухгалтеріне күйеуге тиген". Шығыстың адамы көршісіне: "Біздің Ақбұлақтан Қарағандыға көшіп кеткен Тенгебаев Сәбит есіңде ме? Ой, әлгі қырманшы Сейіттің үлкен ұлы ше? Иә, сол 56 Сәбит қой. Қарағандыға барып өсіп кетіп еді ғой, ауыл шаруашылығы басқармасына кіріп. Сосын әлгі Қадишаны білуші ме ең? Жәкен атаның ортаншы қызы ше. Бақыттармен қатар оқыған? Бізден ү
Ғалым Боқаш. ҰБТ-дан “аз балл алған” іні-қарындастарыма

Ғалым Боқаш. ҰБТ-дан “аз балл алған” іні-қарындастарыма

Руханият
Қымбатты жас достарым, оқушыларды сапқа тұрғызып, халықаралық әуе рейсі алдындағыдай тексеруден өткізіп, солдат құсатып бір орынға айдап кіргізіп, 11 жыл оқыған еңбегін еш қыла салатын қатыгез емтихан тапсыртып, ұстаздарын билік алдындағы көрсеткіштің құлына, ата-аналарын WhatsApp-тың "шебер" қолданушысына, ал өздерін психологиялық қысымның құрбанына айналдыратын мұндай сынақ әлемнің өркениетті елдерінде жоқ. 11 жыл оқығанда табелінің бір тоқсаны "4" болып шыққаны үшін ғана "үздік белгі" бермей қоятын ереже және жоқ.\r\n\r\n\r\nКөптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттерде оқушының мектеп бітіруіне 2-3 жыл қалғанда жалпы пәндерді оқыту тоқтайды да, ол өзі қалаған мамандығына қажет 3-4 пәнді ғана тереңдетіп оқи бастайды. Университетке түсерде сол 3-4 пән бойынша тапсырған соңғы емтихандарының нәти
Ғалым Боқаш. Көлік жүргізу: Америкадан түйгендерім

Ғалым Боқаш. Көлік жүргізу: Америкадан түйгендерім

Жаңалықтар
Батыс Еуропада көлік нөмірлері жазылған табақшалардың көлеміне, сан, әріп түрі мен түсіне қатысты бір стандартқа үйреніп қалған адам ретінде АҚШ-қа келген сайын автомобильдердің алуан түрлі белгілеріне қарап еріксіз езу тартам. Бұл елдің үкіметі автозауыттары мен жүргізушілерін нөмірдің тек көлемін бірдей етуге (15 x 30 см) әрең көндірген екен. Ал дизайн әр штат пен әр жүргізушінің өз ережелеріне сәйкес жасалады. Мұндай ерекше дизайнды нөмірлер шопырлар туралы төңірекке біраз мәлімет береді екен:) Мысалы, қайсы университетте оқығаны, туған штатындағы қандай табиғат орнын мақтан тұтатыны, я қорғауға шақыратыны, қай түсті ұнататыны, қанша баланың әкесі екені, қандай діни-саяси көзқарас ұстанатыны, киелі кітаптың қай аятын өмірлік кредосы еткені, т.с.с. Оның үстіне әр штат тарихи түрде қалыпт
Ғалым БОҚАШ. Ораза

Ғалым БОҚАШ. Ораза

Заман және қоғам
Баяғыда бір ашушаң молда болыпты. Баласының шуын, әйелінің назын, құрдасының қалжыңын көтере алмай шырт-шырт етіп тұрады екен. Ызақор мінезі қанша жерде ұятқа қалдырса да, қалшылы басылмай өмір сүріп жатыпты. Бір күні жұма намазындағы құтпасында ыңғайсыз сұрақтар көп қойылып, құлшылықтан соң көңілі болыңқырамай қабағын қайшылап үйіне келсе, әйелі ас әзірлеп үлгермепті, баласы терезе сындырып қойыпты, көршісі атын сұрамай мініп кетіпті. Ашудан жарыла жаздаған молда елдің бәрімен ұрсысып, үйінен шыға жөнеліпті де, ешкімді көргісі келмей, ешкіммен сөйлескісі келмей, жақын маңдағы көл жағасында қаңтарылып тұрған көп қайықтың біріне міне салып дарияның ортасына бір-ақ жетіпті. Тып-тыныш табиғат ортасында жалғыз қалған жаны жай тапқандай болып, тасбиығын тартып, құлшылықтан шын ләззат алғандай с
Ғалым Боқаш: “Шаханов, СССР, Қазақ тілі мен Қырым татарлары хақында”

Ғалым Боқаш: “Шаханов, СССР, Қазақ тілі мен Қырым татарлары хақында”

Жаңалықтар
\r\nДәл 25 жыл бұрын, 1989 жылғы маусымның 6-сы күні СССР-дің Жоғарғы Кеңесінде ҚазССР-ден сайланған депутат, қоғам белсендісі, ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы "Желтоқсан" оқиғасына қатысқан демонстранттарға жасалған зорлық-зомбылықты тексеруге шақырып сөз сөйледі. "Желтоқсаншыларды" ақтап алу үшін "қазақтың бәрі ұлтшыл емес" деген өз заманына сай тактикалық әдіс қолданды\r\n\r\n\r\n\r\n\r\nТарихтың түрлі шешуші кезеңдерінде маңдайына маңызды рөл ойнау жазылған тұлғалар ортаға шығады. Олардың уақыт өте келе көпшілікке жария болған саясатқа, дінге немесе тарихқа қатысты жеке көзқарастары әлгі бір шешуші кезде әрекет еткен батылдығы мен еңбегін жоққа шығармаса керек.\r\n\r\nӨркениетті азаматтық қоғам ондай символдық мәні бар тарихи уақиғаларды ұмытпаса керек. Дәл 25 жыл бұрын, 1989 жылғы маус
Ғалым БОҚАШ. Мағауин ақсақалмен әңгіме

Ғалым БОҚАШ. Мағауин ақсақалмен әңгіме

Жаңалықтар
 \r\n\r\nӨткен сенбі Карловы Варыға арнайы барып Мұхтар Мағауин ақсақалмен әңгімелесіп қайттым. Қазақтың көзі тірі классик жазушысының дәл іргесінде тұрып айлап жүздесе алмай қалатыныма қынжылам. "Шыңғысхан" тарихи деректі романының үшінші кітабын жазып бітуге таяу екен. "Бестен бірі ғана қалды" деді. Абайдың қолжазбалары туралы, қыпшақтар мен Византияның қарым-қатынасы жайлы, Моғол империясы туралы әңгімелестік.\r\n\r\nАбайдың өлеңдері мен аудармаларын қадым жазудан кириллицаға қотару кезінде кеткен көптеген қателіктердің сол қалпында әлі басылып жатқанын айтып налыңқырап отырды. Мысалы "Қараңғы түнде тау қалғып" емес "Қараңғы түсе тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт, дел-сал қып, түн басады салбырап" болуы тиіс екенін айтты. "Қолжазба бойынша да, қисын бойынша да сола