Сенбі, Маусым 24

Tag: ғулар

Тұрсынхан Зәкенұлы     Мемлекетшілдік ежелгі Ғұн империясында да болған.

Тұрсынхан Зәкенұлы Мемлекетшілдік ежелгі Ғұн империясында да болған.

Тарих
Мемлекеттілік дегеннен шығады. Бергі тарихты былай қойғанда, бағзы ғұндарда биік мемлекетшіл сана-сезімнің, ар-намыстың болғаны қытай дерегіндегі мына бір шағын мысалдан-ақ байқалады: Түмен тәңірқұттың ұлы Мөде Ғұн мемлекетінің тізгінін өз қолына алған тұста, көрші жатқан шығыс ғулар (кейінгі сянбилердің ата-бабасы) Түмен тәңірқұттың «қанатты пырағын» сұрап кісі жібереді. Мөде: бір қылқұйрықтың көзін қимасақ, олармен қайтып іргелес ел боламыз дейді де, әкесінен қалған дүлдүл жүйірікті елшіге жетелетіп қоя береді. Арада көп өтпей, шығыс ғудың елшілері келіп тәңірқұттың ханымдарының бірін сұрайды. Тәңірқұт оған да мақұл болып, өзінің нақсүйерерін олардың қалауына береді. Үшінші жолы, ғу елшілері тағы келіп, ғұндармен арада екі жақтың шекаралық қарауылдары тұратын жердің ортасында жатқан иен