Бейсенбі, Қазан 19

Tag: үйрену

Фрэнсис Бэкон       Үйрену туралы

Фрэнсис Бэкон Үйрену туралы

Аударма
Үйренудің көңілділік үшін, көркемдік үшін, қабілет үшін атқарар қызметі орасан. Оның көңілділікке басты көмегі өзіңмен-өзіңді жеке тастап, оңаша қалдырады. Көркемдік үшін – шешен сөйлеуге, ал қабілеттілік үшін – жұмыстарды жете меңгеріп, тез бір жақты етуге икемдейді. Тәжірибелі адам әрбір кішкене істерге дейін жіңішке жоспарлап, артынан орындауға шебер болғанымен, дана ақылшылар, үлкен жоспар, ұлы істерді жобалаушылар қашанда оқығандардан шыққан. Уақытының көбін үйренуге жұмсайтындар – жалқау, көркем сөз теруге жұмсайтындар – бейтабиғи, барлық істі оқығандарына салатын оқу соққандар болып шығады. Білім табиғи кемелденеді әрі тәжірибе арқылы толығып отыруға тиіс. Табиғи қабілет табиғи өсімдікке ұқсайтын болғандықтан, оны үйрену арқылы күзеп отыруға тура келеді. Тек тәжірибенің шеңберінде ғ