Сенбі, Маусым 24

Tag: Ұлықпан хәкім

Өлмейтін өсиет

Өлмейтін өсиет

Алты Алаш
Өмірі өлмейтін өсиет! Себебі, беретін ғибраты әліге дейін бір мысқал да кемімеген. Ұлықпан ұзақ уақыт сапар шегерінде ұлына үш түрлі өсиет қалдырып: – Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді. Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын, бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып үйіне келді. Әйелі:– Бұл не? – деп сұрады. Ері: – Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағы соның денесі. Қораға көмейік, сен ешкімге айтпа, – деді. Ертесіне жаңа байыған танысынан әдейі қарыз алды. Арғы күні әкімнің Дәруһа нөкерін қонаққа шақырып, онымен дос болды. Бір күн отбасында ойламаған жерден жанжал туады. Әйелі екеуі біраз жерге барысады. Әйелі шыдамай кетіп: – Құдайыңды ұмытайын деген екенсің. Қылмысыңды әшкерелеп,
Ұлықпан хәкім жайлы аңыз

Ұлықпан хәкім жайлы аңыз

Руханият
Ұлықпан хәкім жас кезінде біреуге жалданыпты. Оның қожайыны ниеті бұзық қарау адам екен. Ойындағысын жүзеге асыру үшін басқаға озбырлық істеп, зұлымдық жасаудан тайынбапты. Бірақ аузынан тобасы, қолынан тәспісі түспейді. Үнемі «Е, Құдайым, маған мол байлық, бақ-береке нәсіп ете көр» деп дұға жасайды. Ұлықпан оның бұл әрекетінің барлығын біліп, көкейіне түйіп жүріпті. Бір күні қожайын Ұлықпанды бидай егуге жұмсады. Ол қапқа толтырып, бидай емес, арпа салып әкеледі. Егістікке барып, еге бастады. Қожайын Ұлықпанның ісін көріп:– Ей, ақымақ, мен саған арпа емес, бидай ек деп едім ғой. Қай құлағыңмен тыңдадың? – деп шүйлігеді. Ұлықпан сабырмен:– Арпа ексе, бидай шықпай ма екен? – деп сұрады. – Шықпайды, нақұрыс, – деп зіркілдеді ол. – Қожам, ендеше сіз неге ұдайы жамандық жасап, жақ