Жексенбі, Маусым 25

Tag: Әлихан Бөкейхан

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Сұлтанмахмұт Торайғыров: Әлиханның Семейге келуі

Тарих
Кеше, жақын Семейде, 21 октябрьде, бұрынғы жандарал мекемесі, «Бостандық үйіне» қарай топ-тобымен ағылған қазақ еді. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, куристер, мұғалімдер бір рет, саудагерлер, қырдан келгендер де бар. «Сегіздегі бала сексендегі шал да қалмай» дегендей, тойға бара жатқандай бөрінің де мерейлері үстем, еңселері көтеріңкі, жүздері жарық, көздерінен, қозғалыстарынан қуанғандықтары көрініп тұрушы еді. Бір-біріне жолыққанда қуаныштан аман - сәлемді де ұмытып сөздері: «Поезд қашан келеді деу ғана» еді. Бұлар кімді тосады? Бұлардың поезд келген, келмегеніне не ісі бар? Әлде «Генерал-губернатор келеді, даяр болыңдар» деп жандарал өмір берді ме? Онда осындай қуана ма? Онда жалмауыздың жалғыз көзінде маңдайы жарқырап қазақтарды жолдан былай тұр деп қойша иіріп сабап жүретін
Әлихан Бөкейхан. Рамазан айы жақындағанда…

Әлихан Бөкейхан. Рамазан айы жақындағанда…

Алты Алаш
Жыл он екі айдың ішіндегі ең қадірлі, ең артық һәм ең құрметті айы болған рамазан айы жақындау себепті әркімнің аузына «Ораза болып қалды» деген сөздер кіре бастады. Бұл айдағы қылған құлшылық, істелген істердің «О дүниедегі сауабы сондай болатынын» қоя тұрып, біз мұның артықшылығын\r\nөзімізше һәм замана, адамшылық, ұлтшылық істері жағынан қарап, біраз тексеріп өтейік.\r\nОраза деген атынан-ақ басқа жақтары халықтың өздеріне де белгілі болар.\r\nБіз бұл орында ол ретін жазбай-ақ өтуді лайық көрдік. Жалғыз-ақ рамазан айы әр жердегі халықтардың бастарын қосып, бір-бірінің халдерімен танысуға, пақырлардың халдерін ескеріп, оларға жәрдем беруге жұртқа теңдік-құрдастық, ынтымақ-бірлік, саулық-тазалық һәм құлшылық-құдайшылық сияқты істерді үйретуде басқа айлардан гөрі көп артық. Сондықтан халық