Ауғанстан: «Талибан» мен ДАИШ текетіресі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Ауғанстан: «Талибан» мен ДАИШ текетіресі

13.10.2021
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

8 қазанда Ауғанстанның Құндыз қаласындағы мешітте жойқын жарылыс болып, 120-дан астам адам мерт болған еді. Жараланғандар саны 300-ден асып кеткен. Кейін бұл терактінің жауапкершілігін ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) тобы өз мойнына алды. Сөйтіп, «Талибан» мен ДАИШ-тың текетіресі жаңа деңгейге көтерілді.

«Хорасан халифатын» армандағандарға қарсы тұрды

Қазақстанда экстремистік ұйымдар ретінде танылған осынау екі топтың арасындағы текетірес биыл тамыз айынан кейін қай­тадан күшейді. Дегенмен олардың алғашқы қақтығысы 2015 жыл­дың қаңтарынан басталған бо­латын. Сол жылы Ирак пен Си­рияда әбден күшейген ДАИШ Ауғанстаннан да бөлімшелерін ашып, бекініп алмаққа ұмтылған. Тіпті, «Ұлы Хорасан» дейтін атау да берген. Бірақ Кабулдың ресми билігінен гөрі «Талибан» қозға­лысынан қатты қарсылық көрді. ВВС сол кезде «Талибан» жетек­ші­лері дала командирлеріне ДАИШ-ке қарсы ұрыс салуға жасырын бұйрық бергенін жа­зады. Алайда британдық журна­листер «Ұлы Хорасан уалаятын» құруды армандаған ДАИШ топ­тарының жетекшілері бұрын «Талибан» құрамында болғанын алға тартты. Яғни, Ауғанстанға ДАИШ топтары сырттан келме­генге ұқсайды. «Тәліптерден» кө­ңілі қала бастаған кейбір экс­тре­мистер Ирак пен Сирияда жат­қан ДАИШ көсемдерімен бай­ланысқа шығып, ұйымның бө­лімшесін ел ішіндегі адам­дар­мен жасақтағаны айтылады. Ра­дикалдардың қатарын Өзбек­станнан, Шыңжаннан, Пәкіс­таннан қашқан экстремистер толтырғаны да сөз болды. Сөйтіп, 2015 жылғы көктемнен бастап «тәліптер» мен даиштықтар ара­сында кескілескен ұрыс жүрді. Әсі­ресе, Нангархар, Гильменд, Фа­рах және Забуль провин­ция­ла­рында қатты ұрыстар болды.

Жалпы, «тәліптерден» бөлі­ніп, ДАИШ-ке қосылғандарды екі түрлі себеппен байланыстыруға болады. Біріншіден, 2014-2015 жылдары ДАИШ Сирия мен Иракта әбден күшейді. Қаржысы да мол еді. Ирактың Мосул тәрізді ірі қалаларын басып алуы олар­дың шынында да қуатты күш еке­нін байқатқан. Ал «тәліптер» ол кезде әлсірегендей көрінді. Мі­не, дәл сол кезде «романтик-джи­хадистер» ДАИШ-ке қосы­луға тырысты.

Екіншіден, 2015 жылы ДАИШ өз қол астындағы әрбір содыр үшін айына 500 доллар жалақы төлейтінін мәлімдегені бар. Ал «Талибанда» ондай мүмкіндік бол­ған жоқ. Сондықтан ақшаға қы­зық­қандар да «Ислам мемле­ке­ті­нің» Ауғанстандағы бөлім­шесінің қатарын толықтыруға тырысты.

Қызығы, текетірес ДАИШ же­текшілерінің «Талибанды» айыптаған видео таратуынан ке­йін басталған. Алдымен ДАИШ жетекшілері «Талибанды» Пәкіс­танның ведомствоаралық барлау қызметінің мүддесіне жұмыс істейтінін айыптап, оларға қарсы ұстанымын байқатқан. Ал «тә­ліптер» Әбу Бәкір әл-Бағдадидің атына 2015 жылғы 16 маусымдағы хатында «джихадтың балама май­данын ашу» қажет емес екенін, қажет болса «Талибан» өздері ба­қылап отырған аймақтарды ба­рын сала қорғайтынын жеткізген. Жауап та кешікпеді. Даиштықтар Хорасан аймағында «халифатқа мойынсұнбағандарды аямауға» бұйрық берген еді. Содан бері екі топ қырқысып келеді. Дегенмен дәл Ауғанстан жағдайында «тә­ліптердің» бәсі жоғары.

Қос экстремистік топтың қандай айырмашылығы бар?

Жалпы, әлемнің көптеген мем­лекеті «Талибанды» да, ДАИШ-ті де экстремистік ұйым­дардың қатарына қосқан. Тіпті, БҰҰ деңгейінде де бірқатар ше­шім қабылданғаны бар. Алайда соңғы кездері «Талибан» қозға­лысын бұрынғысынан бөлек дей­тіндер де шықты. Яғни, 20 жыл ішінде «тәліптердің» саяси амал­дары да, кейбір ұстанымдары да өзгерген-мыс. Әрине, тамыздан бері Ауғанстанды билеп отырған топтың әзірге бұра тартқан қы­лығы байқала қойған жоқ. Құра­мындағы радикал топтарды да ауыздықтауға тырысып бағуда. Со­дан да болар, соңғы кездері «Та­либанның» ДАИШ-пен күре­сін қолдау керек екенін айтатын саясаткерлер пайда болды. Мә­селен, өткен айдың соңында ­Ре­сей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Талибанның» ДАИШ-ке қарсы күресін қолдау керек екенін айтты. Ал соңғысы болса тек Құндыздағы терактімен шектелген емес. Нангархар про­винциясында, Джалалабад қала­сында екі күннің бірінде ДАИШ мүшелері теракт жасап жүр. Та­мыздан бері олар әжептәуір бел­сеніп келеді. Дегенмен «тәліптер» тағайындаған Ауғанстанның мәдениет және ақпарат минис­трінің орынбасары Забиулла Муджахид елдің барлық аймақта­рында ДАИШ-ке қарсы опера­циялар ұйымдастырылып жатқа­нын айтты. Ал екі топтың басты айырмашылығына келсек, мәселе идеологияда жатқаны айтылады.

Сарапшылар ДАИШ барлық ислам мемлекеттері мен мұсыл­ман халықтарды біріктіретін аса ірі құрылым жасақтауды қалай­тын панисламдық ұйым екенін айтады. Олардың «халифат құ­рамыз» дейтіні содан. Ал «Тали­бан» қозғалысы өз идеологиясын Ауғанстан жерінен сыртқа тасы­майтынын айтады. Әрі өңірде этникалық, діни қақтығыстың пайда болуына жол бермеуге тырысады. Ислам дінінің шейттік бағытын ұстанатындарға да қысым жасамауға тырысады. ДАИШ болса уаһабистік-сала­филік бағыт ұстанады да, өзде­рі­нен басқасын діннен шыққандар қатарына қосады. Яғни, екі ра­дикалды топтың саяси да, діни де ұстанымында қайшылық бар. Дегенмен біздің пайымдауы­мызша, ДАИШ содырлары «Та­либанның» Ауғанстан билігіне қол жеткізіп, көптеген елмен диа­лог орната бастағанына күйі­нетін сияқты. Әрі мейлінше бей­біт ұстаным танытқысы келетін «Талибанды» әлемдік қауым­дастық алдында масқаралауды көздейтіндер бар ма, кім білсін? Әйтеуір, ДАИШ «тәліптердің» мазасын алып-ақ жатыр. Оның үстіне, ДАИШ содырлары кәнігі амалдарына көшіп, тек жарылыс жасаумен шектеліп келеді. Со­нымен бірге Ауғанстанның сол­түстік аймақтарында «тәліптерге» бағына қоймайтын топтар кө­бірек шоғырланғаны айтылып жүр. Орталық Азия үшін қауіптісі де солар.

Ардақ СҰЛТАН
Дереккөзі: aikyn.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

8 айда тұтынушыларға 259 млн теңге қайтарылған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Даланың дана диқаны

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.