Ақтауда 15 млн теңгенің «Гүлді алаңы» сынып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ақтауда 15 млн теңгенің «Гүлді алаңы» сынып жатыр

26.10.2021
0
Ақтауда 15 млн теңгенің «Гүлді алаңы» сынып жатыр

Фото mangystaumedia.kz сайтынан алынды

Ақтауда жақында орнатылған «Гүлді алаңдағы» пластик қызғалдақтар мен теңіз жағалауындағы әткеншектер көпке шыдамай, сынып жатыр, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты.

Аталған «Гүлді алаңға» жергілікті бюджеттен 15 404 000 миллион теңге бөлінген. Ал әткеншекті орнатуға 5 миллион теңге жұмсалған. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Clover media group» жүргізіп жатыр. Десе де орнатылған әткеншектің жерге бекітілген шынжыры ажырап, орындықтары қисайып үлгерген. Ал пластик қызғалдақтар сабағынан айырылып, ұшып жатыр. Сондай-ақ гүлдер бекітілген көгал да тегіс төселмеген, электр сымдары ашық тұр.

Бұл ретте жергілікті билік инсталляцияларды әлі өз теңгеріміне қабылдамағанын айтып отыр.

«Әткеншектер, гүлдер алаңы да қала әкімдігіне тапсырылмады. Әткеншектің сынған элементтері бюджетке ешқандай шығын келтіріп тұрған жоқ. Себебі мердігер мекеме қайта қалпына келтіреді, тапсырма да берілді. Барлық нысанды аяқтап, қала әкімдігінің теңгеріміне бергеннен кейін әрі қарай күтіп ұстау жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Оған бюджеттен қаражат қаралмайды», – дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің коммуналдық сектор меңгерушісі Айбек Ербөлеков.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Гүлді алаңның» орнына жазда біржылдық питуния гүлі отырғызылған. Алайда ыстықтан қурап, солып қалған. Кейін оның орнына жасанды пластиктерді уақытша қойған. Енді қазан айынан бастап тағы жарығы бар қызғалдақтарды орнатып жатыр.  Одан бөлек әткеншек және «Жұлдызды аспан» инсталляциясы бар. Осы туындыларға қала әкімдігі 43 миллион теңге қаражат жұмсап отыр.

Тегтер: #аймақжаңалықтары #маңғыстау #ақтау #пластикгүлдер
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Коронавирус: Алексей Цой 3 айға болжам жасады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.