Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты

27.10.2021
0
Маңғыстау облыстық ауруханасы жаңа құрылғылармен толықты

Фото moba.kz сайтынан алынды

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы 20 жаңа заманауи төсек-орынға арналған пациент мониторы, 200 инфузиялық шприц сорғысы және 20 өкпені жасанды желдету аппаратымен толықты. Аталған құрылғылар «NCOC» компаниясының демеушілігімен табысталды, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты moba.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда құрылғылар облыстық аурухананың барлық құрылымдық бөлімшесінің жансақтау бөлімдерінде, операциялық бөлмелерде, терапия және хирургия бөлімдерінде орнатылған.

Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаңа мониторлар шағын әрі жеңіл, бұл өз кезегінде дәрігерлер үшін ыңғайлы. Яғни, науқасты тасымалдау қажет болған жағдайда құрылғыны оңай алып жүруге болады. Сонымен қатар науқастың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді, пациент туралы қажетті ақпаратты жылдам алуға, диагнозды анықтауға және оны емдеу кезіндегі өзгерістерді бақылауға көмектеседі.

«Қазір медициналық салада күн сайын өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр. Дәрігерлеріміз көбейіп, жан жақты медициналық көмек көрсетіліп, жаңадан түрлі операциялар жасалып жатыр. Әрине, мұның барлығына жаңа, заманауи, сапалы құрылғылар керек. Медициналық құрылғылар жеткілікті болса, науқастар тұрақты әрі жедел ем алады, ауру көрсеткіші азаяды. Бастысы – дәрігерлеріміз бір емес, бірнеше адамның өмірін сақтап қалады. Сондықтан облыстық ауруханаға демеушілік көрсетіп, құрылғыларды табыстаған компания өкілдеріне және облыс әкімдігіне алғыс айтамын», – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Жәнібек Әжмұханов.

Фото moba.kz сайтынан алынды
Фото moba.kz сайтынан алынды

Сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мен «NCOC» компаниясының өкілі дәрігерлерге алғыс айтты.

«Облыстық аурухана – денсаулық сақтау саласының флагманы. Іс жүзінде бүкіл облысты қамтамасыз етіп отыр. Жәнібек Сұлтанұлы, сіз кәсіби мамандар командасын қалыптастырдыңыз.  Мен аурухана ұжымына алғысымды білдіремін.  Пандемия кезінде барлық науқасты бір отбасы ретінде қамқорлықпен, жылулықпен және ілтипатпен көмек көрсеттіңіздер.  Игі істеріңіз халық игілігіне қызмет етсін», – дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова.

Тегтер: #аймақжаңалықтары #денсаулық #маңғыстау #маңғыстауоблыстықаурухана
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақтауда 15 млн теңгенің «Гүлді алаңы» сынып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

1 қарашада магистратураға құжат қабылдау басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.