Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысында су тапшылығы мәселесін шешуді сұрады

Фото Қазақпараттан алынды

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзені бассейнін сумен қамтамасыз етуге және суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайына тікелей байланысты. Облыс трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында орналасқан, сондықтан оның жоғарғы ағысынан келетін су көлеміне тәуелді.

Осыған байланысты Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттерге су тәуелділігінің төмендеуі өңір үшін өте маңызды болып отыр. Депутаттың пікірінше, Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салу бұл мәселені шешуге көмектеседі.

«2022 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерінде Күміскеткен су қоймасына әрі Қараөзек су қоймасының құрылысын бастауға 500 млн теңге қаржы қарастырылуына және сонымен қатар 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК су жеткізіп беру қызметі есебінен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында су тоспасын қайта салуға ықпал жасауыңызды сұраймын»,– деді депутат.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты

admin_altyalash

Тоқаев БҰҰ өкілін қабылдады

admin_altyalash

Спортшыларда 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар

admin_altyalash