Ақтауда әжетханасы бар аялдама пайдалануға берілді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ақтауда әжетханасы бар аялдама пайдалануға берілді

29.10.2021
0
Ақтауда әжетханасы бар аялдама пайдалануға берілді

Ақтауда үш бөліктен тұратын аялдама пайдалануға берілді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аялдамада барлық жағдай жасалған. Яғни ашық күту алаңынан бөлек, арнайы салқындатқышы бар орын бар. Онда жаздыгүні бөлме температурасын салқындатуға, ал қыста жылытуға болады. Үшінші бөлікте тұрғындарға арналған шағын кафе бар.

Бір ерекшелігі – аялдамада әжетхана орнатылған.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеұлының айтуынша, жыл соңына дейін дәл осындай 10 аялдама іске қосылады.

«Аялдаманы салуға бюджеттен қаржы қаралмады. Тек біздің тараптан кәсіпкерлерге ұсыныс берілді. Олар бірден қолдады. Осылайша заманауи үлгідегі аялдаманы және шағын кәсіпкерлік нысанды ашып отыр. Қазіргі таңда дәл осы үлгі бойынша бірнеше шағынаудан маңында аялдама салынып жатыр», – дейді Тілеген Едігеұлы.

Оның айтуынша, 17 шағынауданда «Нұр Отан» ғимаратының және «Асыл парк» тұрғын үй кешінінің алдына салынып жатыр. 8 шағынауданда орналасқан «Сәуле» спорт кешені алдына, «Рахат» базарына қарама-қарсы жол бойына салынып жатыр. Сонымен қатар 19 шағынаудандағы «Дарын» мектебіне қарсы жолға да аялдама бой көтеріп жатыр. Ал 28 шағынаудандағы бір аялдама жаңартылуда.

Аялдама кәсіпкер қаржысына салынған. Кәсіпкер Саламат Төленовтың айтуынша, аялдаманы салуға 10 млн-нан аса қаржы жұмсаған.

«Бұл – қаладағы заманауи, жағдайы жасалған алғашқы аялдаманың бірі. Қалалық әкімдік тарапынан ұсыныс айтылды. Біз, әрине, қуаныштымыз. Себебі бұл – жас кәсіпкерлерді қолдау. Аялдама тұрғындарға және біз үшін де ыңғайлы, тиімді болмақ. Тұрғындар келіп тамақтана алады, қыста жылы аялдамада отырып, қоғамдық көлікті күте алады», – дейді кәсіпкер Саламат Төленов.

Айта кетейік, аялдама 31 б шағынаудан жолында орналасқан. Мұнда 3, 107 автобустары қатынайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

15 млн теңгенің «Гүлді алаңы»: Ақтауда мердігер мекеме түсініктеме берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңғыстауда жарақат алған әскерилердің жағдайы қалай

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.