Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Маңғыстауда жарақат алған әскерилердің жағдайы қалай

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы №99/116 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына түскен. Қазіргі таңда әскери қызметкерлер дәрігерлердің бақылауында, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнеу аудандық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, №99/116 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері зениттік қондырғының ЗУ-23/2 оқ-дәрісін тапқан. Олар оқ-дәрі бар орынды арнайы жалаумен белгілеп жатқан кезде жарылыс болған.

Қорғаныс министрлігі әзірге оқиғаға тергеу жүргізіле бастағанынан басқа ақпарат бермеді.

«Бір әскери қызметкердің аяқ-қолында көп жарақат бар. Ота жасалды. Қазір бесеуі де бақылауда, ем алып жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Қабдешұлы телефон арқылы әскери қызметкерлердің Атырау облысындағы әскери госпитальге жібергенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бір реттік акция емес

admin_altyalash

Исламбек Салжанов: Ұлттық спорт – ұлттық рух, халқымыздың өмір сүру салты, тәрбие құралы

admin_altyalash

Жарасбай Сүлейменов: Ұлттың ірілігі де, ұсақтығы да осындай сын сағатта көрінеді

admin_altyalash