Ақтауда самбодан халықаралық жарыстар өтуі мүмкін – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ақтауда самбодан халықаралық жарыстар өтуі мүмкін

02.11.2021
0
Ақтауда самбодан халықаралық жарыстар өтуі мүмкін

Ақтау қаласында самбодан халықаралық деңгейдегі жарыстар өтуі мүмкін, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында Маңғыстау облысына Азия самбо одағының президенті Аломжан Маллаев және ҚР самбо федерациясының вице-президенті Айдос Амангелдіұлы келді. Олар облыстағы самбоның даму деңгейін талқылады. Сондай-ақ «Халық Арена» және «Маңғыстау Арена» спорт кешендерін аралады.

«Өздеріңіз білесіздер, биыл Халықаралық Олимпиада комитеті самбоны олимпиадалық ойындар қатарына қосты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Қазіргі таңда самбо дамып жатыр, көптеген ел осы спортпен айналысуда. Соның ішінде Азия елдері самбодан жетістікке жетіп жатыр. Осы ретте Маңғыстау облысына келдік. Алдағы уақытта осы өңірде Азия чемпионатын, Әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік бар», – дейді Азия самбо одағының президенті Аломжан Маллаев.

Сонымен қатар ол Маңғыстау өңіріндегі самбода өзіндік ерекшелік бар екенін тілге тиек етті.

Ал ҚР самбо федерациясының вице-президенті Айдос Ақжанов Маңғыстау облысындағы самбо спорты қарқынды түрде дамып жатқанын айтты.

«Облыстағы самбо өз деңгейінде, жоспарлы түрде дамып келе жатыр. Оған дәлел – Азия чемпионатында, түрлі додаларда спортшыларымыздың жүлделі оралуы. Енді алда Ташкент қаласында әлем чемпионаты өтеді. Қазіргі таңда жарыста бақ сынайтын спортшылар дайындық жүргізіп жатыр. Жақсы көрсеткіш көрсететініне сенемін», – дейді ҚР самбо федерациясының вице-президенті Айдос Амангелдіұлы.

Әрі қарай олар самбодан спортшылардың оқу-жаттығуларына қатысып, бапкерлермен пікір алмасты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

15 қарашадан бастап 7 автожолда ақылы жүйе іске қосылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақтаулық оқушылар арамшөптен биопакет дайындады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.