Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Кеше Қарағанды жолдарында 48 жол-көлік оқиғасы болды

Қарағанды облысында күн райының күрт нашарлауына байланысты өткен тәулікте 50-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Көлік апатынан 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлады. Өңірдің орталығы мен солтүстігінде қатты боран мен көктайғақ болды. Осыған байланысты жолдарда 50-ден астам апат болды.

«Өткен тәулікте облыс орталығында 48 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның нәтижесінде 12 адам жеңіл дәрежеде жарақат алды. Қала сыртындағы жолдарда 6 жол-көлік оқиғасы болды. Бақытымызға орай, ол апаттардан ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бөлім бастығы Қуаныш Зәрубаев.

Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда қашықтық пен жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Сондай-ақ, полиция жаяу жүргіншілер өткелінің жанында жылдамдықты бәсеңдетуді және көлік дөңгелектеріне қысқы шина тағу қажеттелігі туралы еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛ ХАЛҚЫНА ӨНІМ ӨҢДЕУГЕ,  САТУҒА ҚАНДАЙ МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ?

admin_altyalash

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

admin_altyalash

Fly Arystan әуе паркі А320 ұшағымен толықты

admin_altyalash