Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Аида Балаева журналистердің мәртебесі туралы заң жобасына қатысты айтты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің мәртебесі туралы заң жобасы қашан талқылауға шығарылатынын айтты, хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Журналистердің құқығы мен әлеуметтік мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Нұртөре Жүсіп мырза журналистерге үй алу немесе басқа жағдайларда жеңілдік жасау туралы айтып отыр ғой. Бұл жұмыс барлық мемлекеттік мекемемен келісе отырып іске асатын дүние екені белгілі. Ол кісі министрлікпен қоян-қолтық жұмыс істеп отыр. Ал заң жобасының мәтінін үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жазамыз. Құжат жобасын келер жылдың алғашқы жартыжылдығында ашық талқылауға шығарамыз деп ойлап отырмыз», – деді министр қазақ тілінде контент жасаушылар форумында тілшілерге берген сұхбатында.

Аталмыш шарада ведомство басшысы отандық телеарналар мен бағдарламалардың рейтингілері live-режимге шығарылатынын атады.

«Бұған дейін қоғам тарапынан медиа өлшеу жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар айтылған болатын. Осы орайда, біз осы айдан бастап министрліктің сайтында заманауи IP технологияларды пайдалана отырып, жаңа жүйені іске қостық. Оның негізінде, қызығушылық танытқан кез келген азамат барлық қазақстандық телеарналар мен бағдарламалардың рейтингілерін live-режимде көре алады. Қазір отандық контентті қараушылар үлесі үлкен қарқынмен өсіп келеді. Бүгінде Қазақстан медиа нарығындағы шет елдік және отандық арналар рейтингісінде үздік ТОП-10-дықты біздің отандық телеарналар иеленді. Мұның өзі біздің ұлттық телеөнімдердің бәсекеге қабілетінің жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫНА САЛҒАН ҮЛЕСІ 100 ЕСЕ ӨСТІ

admin_altyalash

Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

admin_altyalash

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне орай «Сен үшін» авторлық концерті өтті

admin_altyalash