Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Жарылыстан қайтыс болғандар туралы ақпарат – жалған

«WhatsApp» мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тарады. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелген жоқ.

«Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Жарылыс болған дәмхананың иесі Абай Әміреевтің айтуынша, оқиға болған уақытта кафеде қызметкерлер мен қонақтар болмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Сауд Арабиясының Королін айтулы мерекемен құттықтады

admin_altyalash

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

admin_altyalash

Сенат шахтерлерге арналған төлем мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды мақұлдады

admin_altyalash