Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады

Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды altyalash.kz cайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын.

«Ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады», – деді министр. Оның атап өтуінше, ең алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакцинациядан өтеді.

«Бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар екпе алғандығын, бірінші вакцинация мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері», – деді Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

Туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері

admin_altyalash

110 мыңнан астам бала «111» байланыс орталығына көмек сұрап жүгінді

admin_altyalash

Елордада тұрмыстық зорлық көрсеткен 6,6 мың адамға нұсқама шығарылды

admin_altyalash